Өлең, жыр, ақындар

Шот

X. ШОТ

(Оқыт)

Баланың не білгені, қалай білгенін есептелу, шотталу керек. Мұғалімнің не істегенін де із қалып отыру керек: әрі мұғалім ауысын, орнына басқа мұғалім келгенде, алдыңғының не оқытқаны артқыға мәлім боп тұрады, әрі мектеп бақылаушыға (инспекторға) тексеру оңай болады, әрі өткендегі кемшілігін түзетуге, мұғалімнің өзіне де жақсы. Бұл күнде оқуды шоттатудың түрі көзден шоласыз. Неше түрлі «кәртішке», «бланке», «тест», «анкеталар» бар. Кейбірі ауыл мектептеріне қиын, қолайсыз, олардың бәрін бірдей сөз қылудан мән жоқ. Біз тек ауыл мұғалімінің қолынан келерлік оңайлауын, іске асарлығын көрсеткелі отырмыз. Шоттардың қазақ мектебіне қолайлысын тапсақ, кейін тағы көре жатармыз. Біз әзір шоттың екі-ақ түрін ұсынамыз: бірі мұғалім үшін, енді бірі балалар үшін. Бұл екі түрі дәйім, күнде болып отыру керек.

Одан басқа оқта-текте келетін екі-үш түрін айтамыз:

1. Алдымен мұғалім не оқытқанын өзі шоттан отыру керек. Ол үшін мұғалімнің күндік дәптері болу керек. Оған бір қалыңдау дәптер жарайды.

Күнделік дәптерде күнде қандай сабақ оқылғаны, сабақтың қысқаша мазмұны, ең керектісі жазылып отырылады. Бұл мұғалім бірнеше класты оқытқанда, күнделіктің нұсқасы мынау сияқты болу керек:

Мұндай мәселені мектепте қалай қозғау керек:

1) Дінге, теріс нанымға қарсы жұмысты, үгітті күндегісін күнде үзбей істеу керек пе? Жоқ балалар өзі сұрағанда, кезі келген кезде, әңгіме арасында «немқұрайды» ғып түсіндіріп кете беру керек пе?

2) Қалай түсіндіреміз: жалпы ғылым көзімен қарап, салқын қанмен, әділ түсіндіру ме? Қатты сынап, күліп, кекеп, сықақтап, үгіттеп түсіндіру ме?

Үзбей, үрдіс түсіндіру балалардың мағлұматы молайған кезде, төртінші жылдардан бастағы болу керек. Алғашқы жылдар кезі келген кезде, балалардың сұраған жерінде түсіндіре берген жөн. Жоғарғы кластарда «жер мен көк» деген сияқты комплекс болып, төңіректегі жаратылыс құбылыстарын ұғындыру керек. Ал осы күнгі жаңа кітап, газет, журнал, жаңа мектептер, жаңа адамдар әсері азды-көпті балаларға да тиген болу керек, ескі ырым-жырымдардың жалғандығын балалар да түсініп қалу керек. Сондықтан өте үгіттеп, қызып кетпей-ақ ғылым көзімен қарап, жай түсіндірсе де жетеді.

Мұндағы түсініксіз нәрсе: күн, айдың астындағы (31/ХІІ) цифр болуға мүмкін. Астындағы үрімше «12»-ның цифры нешінші ай екенін (12-інші ай декабрь ғой) көрсетеді, үстіндегі цифр (31) айдың неше жаңасы екенін білдіреді. Бұлай жазу орынды аз алуға жақсы. Мұғалімдердің көбі мұны білетін де болар. Енді «сағаттың» астындағы цифрлар түсініксіз болса, ол «сабақ» сағаттан – әр сағат 46 минутке дейін созылды» деген сөздің қысқартылуы.

Бұл нұсқада екі-ақ сабақтың (сағаттың) қалай жазылатыны көрсетілді. Өзге сабақтар осы ретпен астына жазыла берсін. Үш класқа сабақ беретін мұғалім күнделік дәптердің әр бетіне осылайша жол тартып алу керек. Сонда күндегі істеген жұмыс дәптердің бір бетіне сыйып отырады. Екі класты, бір класты оқытатын мұғалімдікі бұдан да жеңіл болмақ кластың санына қарай жол тартады ғой.

Қысқа жазғанның жөні осы екен деп «есеп шығарды»» «сурет салды», немесе «орманға серуен» деген сияқты түссіз қып түрте салу жарамайды. Есеп шығарса, 1) қандай есеп екенін, 2) қайдан алынғанын, 3) не мақсатпен берілгенін айту керек. Сурет салдырса, ненің суреті екені жазылу керек, серуен болса, не үшін барғаны, алыстығы, қанша жүргені көрсетілуі керек. Балалар жиылысы болса, қандай қаралған басты мәселелер түртілуі керек.

Күндегісін күнде осылай жазып отыруға, көп уақыт та кетпейді, қиын да емес. Бір комплексті өткеннен кейін мұғалім дәптерінің екі-үш бетіне жұмысының тынымын (тегін) жазып отыру керек. Күнделікті қысқаша айтылған нәрселер тынымын да толықтанады

Комплекс тынымында мынадай нәрселер көрсетілуге мүмкін

а) Ұйғарылған жоспарлар қандайлық орындалды.

б) Бала неге үйренеді, жаттықты (жаттығу жұмысының жеміс сурет, кесте, диаграмм, ағаштан, қағаздан жасалған нәрсе боп шықса, олар да көрсетілген).

с) Бұл комплексті өткенде, мұғалімнің көбінесе қолданған әдісі не, жұмысты қалай істеп өткізді, балаларды құлшындыруға не шаралар қолданды.

д) Қандай қиындықтар ұшырады, оны жоюға мектеп не қам қылды.

е) Келесі комплекстің жоспарына қандай өзгерістер кіргізген жөн деген сияқты.

Мұғалім бұдан басқа да нәрселер қосса, тым жақсы әйтеуір өткен жұмыстан бір түйіндеп кетіп отыру керек. Аптада 2, екі аптада дәптердің екі-үш беттік сөз жазу пәлен ауыз болмыс. Оның есебіне өткендегі кемшіліктер сайран көрініп тұрады, келер жылы оны түзетуге тырысады.

2. Одан кейін оқушылардың жалпы күнделігі, яки айналма дәптер болу керек.

Мұғалімнің күнделігінде сабақ қысқаша жазылса, мұнда толық жазылады. Айналма дәптерді күнде бір баладан кезектесіп жазады («айналма» деуі де содан), ол дәптерді балалар не орын ретімен, болмаса аттарының әліппеде бұрын, соң әріптен басталу ретімен бір қолдан бір қолға қыдыртып отырады.

Айналма дәптер қолына алған бала ол күнгі жұмысты (сабақты) өз дәптеріне бір жазып айналымға тағы жазатын боп әуреленудің керегі жоқ. Оған уақыты да жетпес. Сабақты тура айналма дәптерге жазу керек.

Жазу түрі не белгілі тәртіппен, немесе еркін болады. Жұмыс мәнерлі болуға, сурет, кесте, диаграмдар да сызылады. Ана тілінен, есептен болған жазулар да сызылады. Ана тілінен, есептен болған жазулар да жазылса, серуендер де, жиылыстық мәжілісі хаттары да, мектеп мейрамы да, зор оқиғалар да жазылады. Айналма дәптерде артық сөз болмау керек, жазудың шамасы азы жарты бет, көбі бір жарымдай бет болғаны жарайды. Сонымен қатар әр баланын жұмыс дәптері болуға тиіс. Оған балалар сабағын тіркеп отырады. Ондай дәптерге қашан басталып, қашан біткені (айы, күні) жазылып, № 1, 2-ші дәптер нөмірлеп отырса, әр баланың біртіндеп ілгері басқандығына айна болар еді. Алғашқы жылдарда айналма дәптерге жазылатын сөзді сабақ артынан мұғалім өзі қорытып, құрастырып беру керек. Мысалы мынадай сұрау қойылады; Бұл күн айдың нешесі? Қазір біз не істедік? Нені білдік? Қалай істедік?

Бірінші жылы айналма дәптер балалар хат танығаннан кейін басталу жөн. Онда жазылатын сөз де аз ғана болуға тиіс. 4, 5 сөйлем жаздырса да жетеді.

Айналма дәптерге жазылатын нәрсенің мысалы мынау сияқты боп келеді:

3 қинуар, 1928 жыл.

«Жаңа арнадан» «Ала сиырды» оқыдық. Мұғалім оқып шығып, бізге сұрау берді:

Ала сиырдың түрі қандай. Несі жақсы екен? Ала сиыр жұттан неғып аман қалды? Ала сиыр аяғында не болды? — деп.

Біз жауап бердік.

Артынан мұғалімнің тақтайға жазған жауабын көшірдік (жауап жазылу керек). «Ала сиыр» жылына бір еркек бұзау тауып отырса, 5 жылда неше сиыр болады? деген есепті шығартты. 1+5=6 сиыр болады.

Жоғары кластың оқушылары, әрине будан көбірек, толығырақ жазуға тиіс.

Міне, шоттың үрдіс болып отыратын екі түрі осы. Енді анда-санда болатын түрін айтайық:

3. Шот жиылысы. Балалар өз білгенін өзі санауға, өз қаталарын өздері табуға қатыспаса, қатасын түзей алмайды. Әр бала түгендеу белгісін өзі қойып, жазудағы, есептегі қатасын өзі тауып, жолдасынын қатасын көре, көрсете білу керек.

Сондықтан тоқсан (сіместр) өткенде жарты жыл, бір жыл өткенде, шот жиналысы болып отыру керек.

Шот жиналысын құрудан мақсат: класс жұмысын бірігіп тиянақтап, әр оқушыға өткендегі жұмысынан әсер бергізу, жолдастардың жұмысын тексертіп, жақсы-жаман жақтарын сынату, кемдігін түзету.

Жиналыста әр оқушы әр жағынан қарап тексеріледі: ұйымшылдық, еңбекшілдік, тазалық., жазу, оқу, есеп... жағынан қандай екені айтылады. Кластық, қоғамдық тұрмысына қандай қатысқаны, өзгертуге бөгет болғаны, болысқаны, жұмысқа енжар немесе өжет қарағаны, іске алғырлығы, тойпаңдығы, келешекте қалай түзету керектігі сөйленеді. Жиылыс тәртібі былай: әр бала мезгілді уақыттағы (екі айдағы, не жарты жылдағы) жазған дәптерлерің, салған суреттерің, істеген нәрселерін мектепке алып келеді. Ол жұмыстарын жолдастары көріп, жақсы-жаман жақтарын көрсетеді, айтады. Қалай істегендігін, оңдап істеуге не бөгет болғанын көрсетуші айтады, өз жұмысының кем жерін де, тәуір жерін де көрсетеді. Жолдастары пікірін білдіргеннен кейін өте-мөте қай жеріне, қай жағына зер салу керек екенін ескертіп, жөн сілтеп, мұғалім қорытынды сөзді шығарады. Тексерілгендегі сөздер қанша мәжіліс хатқа жазылып отырылады. Жоғарғы кластарда балалар өзі жазады, төменгілерде мұғалім жазады.

Мұндай жиылыспен сынаудың пайдасы: әрі барлық бала жұмысын тексеруге өзі қатысады, әрі көптің пікірі, сыны маңызды болады, әрі балалар ұйымшылдыққа, әділ сынауға үйренеді, тәрбие жолына түседі.

Алғашқы жылдарда өзін сынау сабағы түрде болуға тиіс, мұнда тек жолдастарының жұмысын қарап өтеді. Содан кейін жұмыс туралы мұғалім сұрау береді, балалар сұрағанын айтады. Балалардың өз талқысына салуға 6 жыл (I, II класта) ертерек. Жоғарғы кластарда балаларды талпындыру үшін, өздеріне сөйлету, сынату керек. Мұғалім жиналысты басқарушы болу керек.

Алғашқы кезде балалар жолдасының жұмысы туралы да пікірін айта алмай бүгежектеуі, жиналыс көңілсіз, солғын өтуі мүмкін. Оған мұғалім апшымай, абыржымай, сұрау беріп, түрткілеп, пікірін айтуға шым-шымдап үйрету керек.

4. Ата-аналар жиналысында есеп беру. Мектеп жұмысының өрге басуы неге байлаулы десеңіз – балалардың ата-анасы мектепті сүйіп, жәрдемдесуіне, мектеп ықпалы мен үй ісі ықпалының неғұрлым тізе қосып, әу десіп балаға әсер етуіне байлаулы. Балалардың ата-аналармен үйлесуі үшін, баланың оқуын берекелі қылу үшін, мектеп анда-санда ата-аналар жиналысын құру керек.

Ондай жиылыста мұғалім кластың мүддесін, жұмысының жемісін білдіреді, естіртеді: қандай қиындық, бөгеттер болғанын, әсіресе, ата-аналар тарапынан қандай көңілсіз іс болғанын өтейді. Бірақ «пәленше пәлен қылды» деп, ешкімнің атын атап, көзін шұқымайды, тек жалпы кемшілік ретінде сөйлеп кетеді.

Ол жиылыста мұғалім балалардың үйдегі еңбегі, тамағы, ұйқысы, дем алысы, үйдің тазалығы, жарықтығы қандай болу керек екенін, балалардың сабақ оқуына, жазуына ата-аналардың бөгет қылмауына жәрдемдесуін сөз қылады.

Ата-аналар бас қосқанда, кімнің баласы қалай оқитынын да білгісі кеп отыратыны да болады. Оларды қалайды екен деп көптің көзінше әр баланың кемшілігін, не артықтығын сөйлеп, мінезін қазып баға беруден, естіртуден сақтанған жөн. Жаман оқыса баланың да, әке-шешесінің де көңілі жабырқап, мұғалімге наразылық туғызуы мүмкін.

Ата-аналар жиылысы алты-жеті айдың ішінде 2-3 рет шақырылса жетеді. Одан артық шақырғанмен, жиналмас.

5. Көрме (выставка). Ата-аналар жиылысы кезінде мектепте көрме жасалуы керек. Мектеп жұмысымен толық танысу, балаларға да, ата-аналарға да, көрме жақсы. Ауылда көрме жалпы мектептікі болу керек. Бірақ әр кісінің, кластың жұмысы бөлек жиналып көрсетілген жөн.

Көрмеде балалардың салған суреті, ою, сызуы, диаграммы, календары, кестесі, қатырғыдан, ағаштан, балшықтан істеген аспап, құралдар, үлгілері, жинаған-терген жапырақ, отын, мақта, егін, шөп жұрнақтары, құрт-құмырсқалары, тастары, ой жазулары... қысқаша айтқанда, жаттығуда істелетін барлық нәрселері көрсетіледі.

Әр нәрсені рет-ретімен орналастырып, жұрт көргендей көтеріңкі жерге қою, жапсыру керек қой. Нәрсенің не үшін, қалай жасалғандығы қағазға жазылып, астына жапсырылып қойса, комплекс жемістері жік-жігімен көрсетілсе, тіпті жақсы болар еді. Қалай болса солай қоқытып жасаған көрмеден пәлендей мән жоқ.

Көрсетілетін нәрселер әдейі көрмеге арнап, ондап жасалған нәрселер болмасын, балалардың қыстайғы істеген жұмыстарынан теріп алынсын. Үнемі жақсы жұмыстарды көрсетіп, мақтанбай, орташа, жаман жұмыстар да көрсетілсін. Жаманға салыстырмай, жақсының жақсы екені білінбек емес.

Балалардың жыл бойы істеген нәрселері, көрмеге бола болсын, әр баланың қандайлық ілгері басқанын байқау үшін болсын жиналып, сақталып отырғаны жақсы. Қағаздан істелген жұмыстар (сурет, календарь, диаграмм, ой жазуы сияқтылар) әр балаға арналған бөлек қалың қағаздың (папканың), мұқабаның ішіне ретімен салынып тұрған жақсы, ағаштан, балшықтан, қатырғыдан жасаған нәрселеріне де аты, қашан істегені жазылып қойылуы керек.

Көрме жасалды, балалар да, ата-аналар да көрді, тарады. Сол көрсетілген нәрселерді қайда жіберу керек? Кейбірін келешекте пайдалануға, альбом істен, соған сақтау керек, не ішкапқа, текке (қуысқа) қою керек. Әлеуметтік маңызы бар нәрселерді маңайдағы қирағат қаға беру керек. Кейбір нәрсе аудандық мектептің көрмелерін толықтыруға жіберу керек: кейбірі мектеп музейінде сақталуы керек, кейбірі жасаушы баланын өзіме қайтарылуы тиіс.

Балалардың істеген жұмысын мектеп қабырғасына іліп қоятын да әдет бар. Бірақ ондай нәрселер үнемі тұрып қалмай, жаңғыртылып отырылуы керек.

Бұл арада балаларды бір кластан екінші класқа көшіру туралы екі ауыз сөз айта кетейік.

Көшірерде балаларға таңдау, сынау, ынтығып қалу дұрыс емес: мұғалім жыл бойы оқытқан балаларын өзі де жақсы білу керек. Жаңа сот жыйылыстарының қорытындысы да балаларды тексеріп отырады.

Бітіретін балалар елді, ұйымдарды да шақырған жалпы жиналыста баяндама жасалса, маңызы зор болар еді. Бәрі бірдей емес кейбір тәуір оқитын, тәуір сөйлейтін балалар жасаса жетеді.

Баяндаманың тақырыптары

«Біздің ауылдың (немесе аймақтың) мәдени ағарту жағын қалай оңдауға болады».

«Тамды қалай оңдап соғу керек». «Денсаулықты қалай сақтау, күшейту керек». «Бірігіп егін, машине алудың пайдасы»... деген сияқты елге керекті, пайдалы нәрселер болу керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер