Өлең, жыр, ақындар

Кәрім Мыңбаев

Кәрім Мыңбайұлы (1906-1948) — өсімдік өсіру саласындағы қазақтың көрнекті ғалымы, Қазақ Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, биология ғылымдарының докторы. Ол Қарағанды облысында дүниеге келген. Ташкенттегі Орта-азиялық мақта-ирригация институтын бітіріп, 1934 - 1936 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтында және Алматы селекция мекемесінде ғылыми-педагогикалық жұмыстар атқарды.
Негізгі ғылыми еңбегі өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналды. Ол көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Дәнді дақылдардың оның ішінде бидайды өнімділігін арттырудың жолдарын анықтады.

Ғалымның 200-ден астам ғылыми еңбектері бар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз