Өлең, жыр, ақындар

Бір ғана данамен шығарылған 15 автокөлік

Бір ғана данамен шығарылған автокөліктер – бұл түрлі авто-шоуларда көрсету үшін құрастырылған жобалар ғана емес. Көбіне бай және ауқатты адамдар автоконцерндерге танымал үлгілердің эксклюзивті нұсқаларына тапсырыс береді, немесе өздері атаулы күндерге орай шығарады.

Maybach Exelero

Сірә, әлемдегі ең сәнді әрі қымбат суперкарлардың бірі. Maybach 57 лимузинінің негізінде 2005 жылы құрастырылған спорткупе неміс Fulda доңғалақ өндірушісімен бірігіп жасалған. Fulda компаниясы сағатына 370 километрден жоғары жылдамдыққа есептелген жоғарыжылдамдықты доңғалақ тысының жаңа буынын көрсетуді мақсат еткен. 2011 жылы автокөлікті Birdman лақап атымен өнер көрсететін америкалық рэпер Брайан Уильямс 8 миллион долларға сатып алды. Ал бір жылдан кейін Daimler «Майбах» белгісін жабатындығын хабарлады. Бұған себеп оның соңғы жылдары концернге тек шығын әкеліп жатқандығы болды.

Ferrari F12 Berlinetta TRS

Атын құпияда ұстауды талап еткен клиенттің тапсырысы бойынша жинақталған. Тапсырыс беруші Ferrari-ге F12 Berlinetta купесінің ашық, ерекше нұсқасын жасауды талап еткен. Ресми емес ақпараттар бойынша, бұл ерекше көліктің құны $4,2 миллионнан асқан.

McLaren X-1

Бұл үлгі Special Operations бөлімінің инженерлерімен Таяу Шығыстық құпия клиенттің арнайы тапсырысымен жасалған. Сатып алушының барлық қалауы 7 миллион долларды құраған.

Porsche 911 Panamericana

Автокөлік Porsche компаниясының директоры Ферри Поршенің туған күніне 1989 жылы сыйланды. Оның дизайнын бірнеше жылдан кейін әлемге аңызға айналған Porsche Boxster-ді сыйлаған Харм Лагаай жасаған.

Ford GT90

Детройт автосалонында 1995 жылы көрсетілген концепт өндірушілермен «әлемдегі ең қарымды суперкар» деп ұсынылды. Шынымен де, автомобильдің төрт трубиналы 12-цилиндрлі агрегаты 720 ат күшіне тең келетін, ал мәлімделген жылдамдығы шамамен 407 километр сағатқа жететін. Айта кетерлігі, он жылдан кейін тура осындай жылдамдыққа ие Bugatti Veyron суперкары пайда болды.

Rolls-Royce Hyperion

Бұл эксклюзивті көлікті коллекционер Роланд Холл тапсырыспен жасатқан. Rolls-Royce Hyperion 2008 жылы кабриолет кейпінде жасалған. Оның сырт пішіні 1930 жылдары Rollers кузовтық ателье шығаратын үлгілерден келген. Дизайнымен аты аңызға айналған Pininfarina ательесі айналысқан.

Cadillac Cien

Компанияның 100 жылдық мерейтойына арнайы құрастырылған. Мерейгерге тән, Cien сол сәттегі ең озық технологиялармен қамтылған болатын. Ол OnStar коммуникациялар серігінің жиынтығына, Communiport дыбыспен басқару жүйесіне, тұрақ көмекшісіне және маңдай айнасына жол суретін экранда үлкейтіп көрсететін түнгі бақылау жүйесіне ие еді. Бірақ, мұның бәрі оған өмірде еш қажет болмады – автокөлік компанияның мұражайында тұр.

BMW Gran Coupe Pininfarina Lusso

Атына қарап, бұл автокөлікті шығаруға қандай компаниялар атсалысқанын байқауға болады. Купенің төрторынды интерьері, құрастырушылардың айтуы бойынша, заманауи сәнқойлық пен сенімді динамиканың қосындысы. Ол қымбат былғары мен каури ағашымен қапталған.

Peugeot Onyx

Ерекшелікті қалайтын француздар «тас» атауымен, әдеттен тыс материалдармен суперкар құрастырды. Карбоннан өзге, Peugeot Onyx құрылысына жез, киіз бен қағаз пайдаланылды. Француздар Peugeot Onyx-ті сериялап шығармаймыз деп бірден айтты, алайда болашақта қандай стилистикалық бағытты ұстанатынын айқындап берді. Сондай-ақ, Peugeot бас дизайнері Жиль Видаль концептің «алды» 308 бен 3008 үлгілерінің келесі буынының алдыңғы бөлігіне пайдаланды.

ВАЗ Рапан

Көршілес елдің автопромының да бір данамен шығарылған автокөліктер тізіміне ұсынатын үлгісі бар. ВАЗ Рапан – Париж автосалонында көрсетілген ресейлік тұңғыш концептуалды электромобиль. Ол 1998 жылы шығарылған және, өкінішке орай, азсериялы жалғасын да таппады. Жобаға жанармай бекеттерін арнайы электрлік жанармаймен қамтамасыз ету үшін «Ресейдің ЕЭО» РЖШ-ін тартпақ болған деген мәлімет бар, бірақ олар қызықпаған көрінеді.

ЗИС-Спорт

Родстер ЗИС-Спорт ЗИС-101 шассиінің негізінде 1939 жылы бір ғана данамен құрастырған. Қуаты 141 ат күшіне тең алты литрлі қозғалтқыш сағатына 162 километрге қарқындауға мүмкіндік берген. Автокөлік Сталин мен Кагановичтің мақұлдауын алды, алайда соғыстан кейін бір данамен ғана шығарылған ЗИС-Спорт үшті-күйлі жоғалып кетті.

Dartz PROMBRON AS1936 Monaco Red Diamond Edition

Автокөлік бір ғана данамен Hammer-дің негізінде Латвияда тапсырыспен жасалды, эксклюзивті қаптамаға ие. Бұл броневик (қару орнатылған құрышты автомобиль) 1.6 млн. долларға сатып алынды және бұл жол талғамайтын көлікке төленген ең жоғары баға. Автокөлік 312 км/сағ-қа дейін қарқындайды, ал 100 км-ді 5.2 сек-та жинайды. 552 ат күшіне тең алты литрлі қозғалтқышқа ие.

Mercedes-Benz GWA 300 SLC

Шығыс Еуропалық белгісіз бір ауқатты адам өзін эсклюзивті автокөлікпен қуантқысы келген. Өз арманын іске асыруды ол Mercedes концерніне тапсырады. Оның идеясы - аңызға айналған 1955 жылғы Mercedes-Benz 300 SC-тен SLS AMG негізінде заманауи родстер құрастыру еді. Нәтижесінде, бағасы құпия сақталып келген ерекше автокөлік Gullwing Americ шықты. Mercedes-Benz GWA 300 SLC 571 ат күшіне тең келетін V8-бен қамтылған, ең жоғары жылдамдығы 315 км/сағ, жүз километрге дейін қарқынды 3,8 секундта жинайды. Родстердің дизайны қаншалықты өзгергенін өздеріңіз бағалап көріңіздер.

Sbarro GT1

Sbarro GT1 өз тегінде жалғыз дана. Ол Mercedes командасының 1999 жылғы Ле Манн жарыс сериясындағы жеңісінің құрметіне құрастырылған. Автокөлік 450 ат күшіне жететін 7,4-литрлік V8 қозғалтқышымен қамтылған. Қазір, әрине, бұл аса көп емес сияқты көрінеді, бірақ сол жылдары мұндай өндірімділік аса зор көрінетін. Қозғалтқыш артында әрі күшейтілген композиттік қораптың дәл ортасында орналасқан.

Lamborghini Egoista

2013 жылы Lamborghini компаниясы өзінің 50 жылдық мерейтойында таңғаларлық Lamborghini Egoista суперкарын таныстырды. «Мерейтойлық» жаңалықтың басты ерекшелігі, салон, нақты айтқанда «пилот кабинасы» (концепт-кардың есіктерінің орнына қайырмалы шатыр немесе әскери тілде «фонарь») бір адамға ғана есептелген. Сырт келбеті, Egoista-ның интерьері сияқты әскери авиациямен ұштасады. Автокөлікті 5,2 литрлік мотор V10 қозғалысқа әкеледі. Спорткар құрылысында көмірқышқыл талшық пайдаланылады, соның есесінде автокөліктің салмағы бар-жоғы шамамен бір тоннаны құрайды. 

Назар аудар:

Әр түрлі жылдары шығарылған таңғажайып автомобильдер (фото, видео)

Тұңғыш автомобильдің тарихы

«Мәңгі» кузовы бар болашақ суперкар

Lamborghini 350GT


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Бекзат

Әдемі көліктер екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз