Өлең, жыр, ақындар

«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған жас ғалымдар мен студенттердің конференциясы өз жұмысын бастап кетті. Конференцияға отандық ізденушілермен қатар шетелдік зерттеушілер де қатысты.

Конференцияның басты мақсаты – ғылымның өзекті мәселелерін зерттеуге жас ғалымдарды тарту.

Айта кетейік, конференция аясында гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының барлық салалары қамтылған. Ғылыми іс-шараның аясында университеттің Тарих факультеті де белсенді қатысып, 8 секция ұйымдастырылды.

Конференция жұмысының қорытындысында тезистер жинағын дайындау жоспарланған.

 

Назира Нұртазина,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры

Жәнібек Әкімбек 2-курс магистранты («Тарих» мамандығы)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз