Тілшіні танытатын төл жобалары болу керек және журналист ешқашан «экс» болмайды. Ол бес-он жылдан кейін де өз саласына қайтып орала алады. Дәстүрлі жуналистиканы ұмытпаумыз керек-ақ. Алайда, шет елдік дамып жатқан мемлекеттерденде қалыс қалмаған абзал. Қазақта «көненің көзін көрген» деген сөз бар. Сол көненің көзін көрген ақылшыларымыз барда дәстүрлі жуналистикада, тұғырлы тарихымызда жойылмасы анық. Осы бір күнге дейін халықтың да, салт-дәстүр, үйреншікті медианыңда бастан өткермегені жоқ. Кешенің өзінде ақпараттың әлсіздігінін де әсерін көрдік. Қаңтардың қақтығысы бүкіл елді сілкіңткені рас. Біздің тәуелсіз мемлекет болғанымызға 30 жылдан асып барады. Дегенмен халық әлі күнге жабайы. Батыс елддерге қарағанда медиа жағынан қалыс екенңміз онсызда айқын. Бірақ осыдан 10 жыл бұрынғы көрініспен салыстырғанда қазақ блогмен, журналистикасы қарқынды дамып келеді. Тек орыс тілді қазақтар ғана емес қарапайым қазақ жігіттеріде блогтың басына шығып, Қазақстанның атын танытып жүргені бәрімізге мәлім.Бұл әрие қуантарлық көрсеткіш. Дегенмен, ұлтаралық қарым қатынасқа кері әсерін келтіріп жатқанын білеміз.
Ресейдің белгілі журналисі, көптеген саяси-сараптамалық бағдарламалардың авторы Леонид Парфенов бір сөзінде: «Бізде жаңалықтар емес, бізде - ескіліктер...» - деп, Ресей журналистикасының ақпарат тарату әлеуетіне сыни пікір білдірген еді. Егерде Парфеновтың сөзін Қазақстан журналистикасына келтірсек, ол радио-телевизия немесе мерзімді басылымдар саласы бола ма, өкінішке қарай, бұл арада: «Бізде жаңалықтар да емес, ескіліктер де емес, бізде - көнеліктер» деп айтуға толықтай қақымыз бар. Күллі әлемде ақпарат тарату шапшаңдығы бойынша жаңа медиа, онлайн журналистика алға шығып кетті. Жаңа медиадан қалыспас үшін дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары (телеарналар, радиостансалар, газет-журналдар) онлайн режимінде ақпарат таратуға бел буып, тіпті өз жаңалықтарын оқырмандары мен көрермендеріне мобильді телефондар арқылы жеткізуге де тырысып бағуда. Ал бізде...
Бүгінде Америка мен Еуропаның көптеген белді газет-журналдары қағаздық нұсқаларын қысқартып, онлайн режиміне өтіп жатыр. Америка газеттер қауымдастығының статистикалық ақпаратына сенсек, соңғы жылдары күнделікті басылымдардың таралымы өте жылдам түсіп барады. Мәселен, жалпылама алғанда, АҚШ-та тарайтын 395 күнделікті газет болса, оның ішіндегі ең ірісі әрі таралымы көп басылым - «USA Today» болып саналады. 2008 жылы 2 млн 113 мың таралымы болған газет айналдырған жарты жыл ішінде қағаздық нұсқадағы таралымының 7,5 пайызға төмендегенін мойындаған. Содан болар, Батыс басылымдары онлайн режиміне көшіп, интернетке газеттік және сайттық нұсқаларын бірдей енгізуге атсалысып келеді. Газеттердің қағаздық нұсқасының азаюына жасылдар да мүдделі сияқты. Батыста табиғатты қорғау мәселесі өте өзекті болған соң, ағаш кесіп, қағаз шығару мәселесіне тек жасылдар ғана емес, қатардағы азаматтар да теріс қарайды. Есесіне, жыл өткен сайын жаңалықтарды тікелей интернет арқылы білетін азаматтар саны көбейіп келеді. Мәселен, 2002 жылы әлемдік жаңалықтарды ғаламтор арқылы оқып, қарайтындар саны 1,1 млрд адам ғана болса, 2004 жылы 3,4 млрд адамнан асып түскен. Ал 2012 жылы сандық медианың үлес салмағы 80 пайыздан асып түсуі мүмкін деген болжам бар. Себебі газеттердің интерактивті, мобильді нұсқаларына жазылу үрдісі кең етек жайып келеді. Мәселен, айтулы жылдар аралығында мобильді жазылушылар аудиториясы 945 миллионнан 2,7 миллиард адамға дейін өскен.
Қазақстанда газет тарату ісіне келсек, қаншалықты қиын жағдайдың қалыптасқанын өкінішпен мойындаймыз. Астана мен Алматы қалаларында шығатын республикалық ірі басылымдар аймақтарға тараймын дегенше, бірнеше күн өтеді. Мәселен, орталық қалаларда апта басында шыққан кез келген қазақша газет Қызылорда немесе Батыс өңіріне жетем дегенше, аптаның соңы таяп қалады. Осылайша оқырманға жаңа емес, «көне газет» жетеді. Ең қорқыныштысы, отандық басылымдардың сайттары да сын көтермейді. Оқылуға ыңғайсыз. Көз тартпайды. Ал интернетті реттейтін заң талаптарына сәйкес, пікір қалдыру үшін тіркелу қажет.
Аймақты айтпағанның өзінде Астана қаласының ірі сауда орталықтары, тіпті базарлары, дүңгіршектері қазақша басылымдардың сан алуандылығымен қуанта алмайды. Обалына не керек, елімізде республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі газет-журналдар баршылық. Сайттарының сапасынан гөрі, қағаз нұсқасындағы таралымы әжептәуір. Бірақ соның өзінде барлық сауда орталықтары мен базарлар ресейлік газеттерге толып тұр, арасынан біренсаран өткен аптаның, кейде өткен айдың қазақша газетін табуың әбден ықтимал. Отандық блогшылар да бұған алаңдаушылығын білдіріп, қазақша газеттердің өз сайттарын жақсартуға көп мән беру қажеттігін айтады. Себебі кейде қазақ газеттері ысыраппен де шығарылады, соның өзінде оқырманның қолына жете бермейді. Бұл арада қазақ газеттері жаңа медиа дамуымен бірге алға аяқ баспаса, жаңа заман талаптарына икемделмесе, онлайн, интерактивті режимге көшпесе, өз болашағына сеніммен қарай алмайды. Сондықтан Батыс тәжірибесінен үлгі алып, онлайн режимінде басылымның сайттық нұсқасын да, газеттік нұсқасын да оқырманға ұсына білу қажет-ақ. Сондай-ақ газет жаңалықтарын қалта телефондарына хабарлама қызметі арқылы әп сәтте жеткізіп тұрса, нұр үстіне нұр емес пе?
Қазір балаларды ғаламтор тәрбиелеп жатыр. Онда қазақы дүниелерден гөрі шетелдік өнім басым. Ұрпақ содан тәлім алуда. Блогосфера жабайы түрде дамып келеді. Фейсбукте жазғанның бәрін блогерлер деп қабылдаймыз. 90 - жылдары елімізде сауда саласы жабайы түрде жұмыс жасап, 2000 жылдары өркениетке икемделе бастаған еді. Блогерлер жұмысы да қазір дәл осы жолмен келе жатыр.
Жасанғалиева Қаламқас Бисенғалиқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Дмитрий Иванович Писарев
- Мишель де Монтень
- Платон
- Пётр Пороховщиков
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі