Өлең, жыр, ақындар

Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізілмейді - министрлік

Оқу-ағарту министрлігі мектептерде жаңа пән енгізілетіні жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің V отырысында «Ортақ түркі тарихы», «Ортақ түркі әдебиеті» және «Түркі әлемінің географиясы» оқулықтарының жарыққа шығатыны туралы хабарланған болатын.

Ведомствоның ақпаратына сенсек, мектептерде осы бағыт бойынша жаңа пәндер енгізілмейді.

«Бұл жерде әңгіме факультатив ретінде қосымша таңдауға болатын курс жайында болып отыр. Яғни оқушылар өз қалауы бойынша түркі әлемін зерттеу үшін қосымша білім ала алады» деп мәлім етті министрліктен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар