Өлең, жыр, ақындар

Ақпараттық детокс: миыңыздағы артық ақпаратты қалай тазартуға болады?

Ғаламторда сағаттап отыру — бос уақытыңызды өткізудің ең жақсы жолы емес. Әлеуметтік желіге телміру, шексіз трафик, онлайн ойындарға жабысу нағыз тәуелділіктің пайда болуына әкелетін дофаминнің (рахаттану гормоны) бөлінуін ынталандырады. Ми бос ақпаратпен шамадан тыс жүктеледі, есте сақтау қабілеті нашарлайды, адамдармен байланыс барған сайын қиындайды, депрессия пайда болады. Ал, мұндай бітпейтін толассыз сырқау тізімі кімге керек? Мен сізге Digital Detox туралы білуге ​​кеңес беремін, себебі бұл техника — мидың интоксикациясынан құтылудың және ғаламторға тәуелділіктен арылудың жолы.

Ақпараттық детоксикацияға көрсеткіштер мен жалпы ұсыныстар

Ақпараттық детокс (цифрлық детокс) — адамның смартфондарды, компьютерлерді, планшеттерді және басқа да гаджеттерді пайдаланудан саналы түрде бас тартқан уақыт кезеңі. Бұл стрессті жеңілдету, шынайы қарым-қатынасқа, шығармашылыққа немесе жұмысқа ену үшін жасалады. Ғаламтордан гаджеттерді пайдалану статистикасын іздесеңіз, үрейленуіңіз мүмкін: қазіргі заманғы адам күніне орта есеппен телефонын 150 рет тексереді. Жасөспірімдердің 65%-ы адамдармен тікелей сөйлесу кезінде гаджеттерді пайдаланады, 24%-ы маңызды оқиғаларды өткізіп жібереді, өйткені олар кейінірек әлеуметтік желілерде бөлісу үшін оларды фотосуреттер мен бейнелерге түсіруге тырысады.

Техникалық құралдарды шамадан тыс пайдалану бірқатар нақты ауытқуларға әкеледі. Мысалы, номофобия — смартфонсыз қалудан қорқу, фуббинг — қасындағы адаммен сөйлескен кезде гаджеттерге алаңдау, экранды вуйеризм — басқа адамдардың смартфондарының экранына үңілу. Таныстардың немесе бейтаныс адамдардың өміріндегі оқиғаларды жіберіп алу қорқынышы да үйреншікті құбылысқа айналып барады. Егер сіз смартфонды өз денесінің бір бөлігі ретінде ұнататын адам болсаңыз, телефоныңыздағы уақытты тексеріп, 5 минуттан кейін өзіңізді Facebook арнаңыздан тапсаңыз, онда сізге сандық детоксикация қажет. Медициналық атаумен бұл процедурада алаңдайтын ештеңе жоқ: сіз тек бүкіл процесті бақылайсыз. Міне, гаджеттерге тәуелділіктен арылуға көмектесетін бірнеше кеңестер. Ыңғайлы болу үшін олар қиындық деңгейлері бойынша бөлінген. Әр деңгейде қанша уақыт тұру керек, бұл сізге байланысты. Сондай-ақ қандай ұсыныстарды орындау керек және қайсысын орындамау керек, ол да тікелей өзіңізге байланысты. Бұл жердегі басты мәселе — өзіңізді тас дәуіріне апармай, технологиямен саналы түрде әрекеттесуді үйрену.

Ақпараттық детокс: бірінші деңгей

Бұл деңгейдің мақсаты — сіздің өміріңізде технологияның дозасын азайтатын шағын өзгерістер енгізу. Сізге оңай бастама, жылдам жеңістер, қосымша мотивация қажет. Ұсыныстардың көпшілігін орындау 5 минуттан аспайды, сондықтан сіз оқығаннан кейін бірден бастай аласыз.

Компьютер

— Сіз сирек пайдаланатын барлық бағдарламаларды жойыңыз;
— Жұмыс үстелінен барлық таңбашалар (ярлыки) мен папкаларды жойыңыз. Қажетті бағдарламаны немесе файлды табу үшін іздеу функциясын пайдаланыңыз;
— Бағдарламалар үшін толық экран режимін пайдаланыңыз. Бұл алаңдататын нәрселерден құтылудың жақсы жолы. Бұрын сіз өзіңізге қажет нәрсе боласыз;
— Жиі кіретін сайттарды (әсіресе әлеуметтік желілерді) бетбелгілерден алып тастаңыз. Оларға қол жеткізу қаншалықты қиын болса, соғұрлым сіз ол жерге азырақ барасыз;
— Жұмыс үстеліңізде тамақ ішпеңіз. Ми бірден 2 процеске шоғырлана алмайды. Немесе тамақ немесе Instagram;
— Күннің соңында барлық қойындылар мен бағдарламаларды жабыңыз, Жүктеулер ішінен барлық файлдарды жойыңыз немесе жылжытыңыз, «корзинаны» босатыңыз және компьютерді өшіріңіз.

Телефон

— Компьютердегідей қажетсіз немесе сирек қолданылатын қолданбаларды жойыңыз;
— Қоңыраулардан басқа барлық хабарландырулар үшін дыбысты (соның ішінде дірілді, яғни, вибрацияны) өшіріңіз;
— Өзіңізге кәдімгі оятқыш сатып алыңыз. Бұл ұйқыдан кейін бірінші кезекте электрондық поштаны немесе әлеуметтік желілерді тексеруді жояды;
— Телефоныңыздағы уақытты тексерудің орнына қол сағатыңызды пайдаланыңыз;
— Адамдармен сөйлескен кезде телефоныңызды тексермеңіз.
— Жұмыста немесе үйде болмаған кезде мобильді интернетті өшіріңіз.

Ақпараттық детокстың екінші деңгейі

Екінші деңгейде сіз технологияны қолдануды есте сақтауды және алдыңғы кезеңдегі жетістіктерді кеңейтуді үйренесіз. Сондай-ақ кейбір жаман сандық әдеттерден арыласыз.

Компьютер

— Мақсаттарыңызға ықпал етпейтін сайттарды оқуды және шолуды тоқтатыңыз;
— Егер сіз кездейсоқ қызықты бейне немесе мақала тауып алсаңыз, оны бірден оқымай, бетбелгіге қойыңыз. Барлығын бір сәтте оқу үшін арнайы уақыт бөліңіз;
— StayFocusеd орнату — белгілі бір сайттарды белгілі бір уақытқа блоктауға мүмкіндік беретін кеңейтім;
— Сағат 11-ге дейін поштаңызды тексермеңіз. Таңертеңгілік уақытыңызды мақсатыңызға жетуге жақындататын маңызды істерге арнаңыз;
— Қажетсіз электрондық пошта ақпараттық бюллетеньдерге жазылудан бас тартыңыз: жаңалықтар, компаниялар және т.б.

Телефон

— Ұйықтар алдында бір сағат бұрын телефонды ұшу режиміне қойып, таңертеңгілік жұмысты аяқтағаннан кейін ғана өшіріңіз;
— Барлық қолданбаларды негізгі экраннан жылжытыңыз. Енді қолданбаны саналы түрде таңдап, оны табу үшін оңға сырғыту керек;
— Қоңыраулар мен SMS-терден басқа барлық хабарландыруларды өшіріңіз. Бір нәрсені тексергіңіз келсе, өзіңіз қалаған қолданбаны ашыңыз;
— Пайдасыз мазмұнға жазылудан бас тартыңыз. Егер қандай да бір арна бұдан былай сізді қызықтырмаса немесе оқымайтын болсаңыз оны да өшіріңіз;
— Әлеуметтік желілердегі «қосымша» достармен де солай жасауға болады — оларды жойыңыз.

Ақпараттық детокс: үшінші деңгей

Үшінші деңгей — адамдардың көпшілігі үшін «алтын орта». Сіз үйренетін әдеттер технологияны толық бақылауды сезіну үшін жеткілікті болады.

Компьютер

— Электрондық поштаны және әлеуметтік желілерді тексеруге уақыт бөліңіз. Мұны күніне 2 реттен артық емес жасаңыз;
— Интернетті қарамайтын кезде WiFi-ды өшіріңіз;
— Өзіңізді сынаңыз! Компьютерді пайдаланбай 1 күн өткізіңіз. Онлайн да, офлайн да емес. Тек өшіріңіз. Мұны істеудің ең жақсы уақыты — демалыс күндері.

Телефон

— Енді ең қиыны. Барлық әлеуметтік медиа қолданбаларын жойыңыз. Егер сізге нақты нәрсе қажет болса, веб-нұсқасын пайдаланыңыз және одан кейін жүйеден шығуды ұмытпаңыз;
— Байланыс үшін тек бір қолданбаны таңдаңыз. WhatsApp немесе Telegram сияқты мессенджерлерге артықшылық беріңіз.
— Үйге келгенде, телефонды өзіңізбен бірге алып жүрмей, алдын ала белгіленген жерге қойыңыз.
— Телефонды басқа бөлмеде зарядтаңыз.

Ақпараттық детокс: төртінші деңгей

Ақырында біз чемпиондар деңгейіне жеттік. Нағыз сандық аскетизмді көргіңіз келсе, мұнда сізге бірнеше ұсыныстар бар.

Компьютер

— Үйіңізде технологиясыз аймақтар жасаңыз. Жатын бөлмеден бастаңыз — бұл цифрлық дәуірге дейінгі кезеңнің бір бөлігі болуы керек. Ең дұрысы, гаджеттермен айналысатын бір ғана бөлме қалдырыңыз;
— Телешоудың атауы немесе ән шыққан жұмысқа қатысты емес ақпаратты тексеру үшін желіге кірмеңіз. Оны 24 сағатқа кейінге қалдырыңыз. Сіз бұл туралы ұмытып кеткен шығарсыз, бұл ақпарат соншалықты қажет емес дегенді білдіреді;
— Жалғастырыңыз және демалыс кезінде гаджеттерді кем дегенде бір апта пайдаланбаңыз. Бұл уақытта демалу маңызды;
— Сізге айтарлықтай пайда әкелмейтін құрылғылардан құтылыңыз. Мысалы, фитнес білезіктері, смарт сағаттар, смарт динамиктер.

Телефон

— Электрондық поштаны күн ішінде тексерудің қажеті болмас үшін өшіріңіз;
— Барлық әлеуметтік медиа платформаларында профиль болу мағынасы жоқ. Жұмысқа немесе байланысқа қажет біреуін ғана қалдырыңыз;
Одан да қиын нұсқа — әлеуметтік желілерге күніне шектеулі рет компьютердегі вебсайттан ғана кіру.
— Интернетке қосылмаған ескі ұялы телефонды сатып алыңыз және оны тек қоңыраулар мен SMS үшін пайдаланыңыз;
— Ұшақ режимін күні бойы жұмыс істейтін етіп орнатыңыз және телефонды шынымен пайдалану қажет болғанда ғана шығыңыз.

Тым алысқа барудың қажеті жоқ. Төртінші деңгей бойынша ұсыныстар жасаумен жұмыс істеу қиын болды. Тым алысқа бару және парасаттылық шегінен шығу тым оңай. Бізге технология керек. Және біз оларға тәуелді болғандықтан емес, керісінше, олар біздің өмірімізді өнімді, әртүрлі етеді және бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер береді. Сондықтан жоғарыда аталған ұсыныстарды іске асыруға ақылмен қарау керек. Сіздің қалауларыңыз бен қабілеттеріңізге сәйкес келетін нәрсені таңдаңыз. Ақпараттық детоксикацияның мәні — технологияны сыртқа тастау емес, оны саналы түрде өз игілігіңіз үшін пайдалану. 

Сізге ақпараттық детоксикация қажет деп ойлайсыз ба? Тәуелділіктен арылу үшін не істеуге дайынсыз?

4 курс студенті: Айкішова Аружан Жабайқызы
Оқытушы: Болтаева Ә.М әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз