Өлең, жыр, ақындар

Патша баласының еркелігі

Фатих Сұлтан Мехмет Хан Осман империясын гүлдендірген, Византия империясын жеңіп Стамбұл қаласының алынуы секілді жарқын жеңістерімен тарихта өшпес із қалдырған, өте батыр, өте ақылды және өте керемет жетілген саясаткер патша болған. Осы Фатих Сұлтан Мехмет хан бала кезінде тым ерке болатын. Сабақ кезіндегі еркелігімен ұстазы Ақшамседдинді шаршатып жіберетін. Ұрысқан жағдайда: «Мен патшаның баласымын маған ештеңе істей алмайсың» деп қорқытатын. Ұстаз патшаға шағымдануды әдепсіздік болар деп біраз уақыт сабыр етіп жүреді. Алайда еркелігі тым шектен шыға бастағанында, амалсыз әкесі ІІ Мұрат ханның алдына кіруді ұйғарады. Патшаға келіп жағдайды айтқанында ІІ Мұрат хан ұстаздың құлағына бұл жағдайдың шешімін сыбырлайды. Ұстаз таң қалады. Мұндай әрекетке бара алмайтындығын айтса да патша осы жоспарды орындау керектігін айтты. Ертеңіне кішкентай Мехмет тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да әкесімен қорқыта бастады. Сол сәтте ішке патша кіріп келді. Ұстаз ашуланып патшаға ұрсып берді, бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып рұқсат сұрап кіру керектігін айтып арқасынан дүре соғып, қуып шықты. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетті. Бұл жағдайды бақылап отырған Фатих тілі тұтылып не айтарын білмей абдырап қалды. Сеніп отырған әкесі көз алдында таяқ жеген еді. Көздері алақ жұлақ отырғанында есік қағылып патша кешірім өтініп, рұқсат сұрап ішке кірді. Жоспар керемет түрде жүзеге асқан еді. Осы күннен бастап Фатих сұлтан еркелігін доғарып ұстазының айтқанын екі етпейтін болды.

Мұнда біздің заманымыздағы баласының айтқанын екі етпейтін ата-аналарға да тиесілі ғибрат бар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Нұрбек

Ғибраты мол екен, өте орынды

Қарабаев Нурмухамбетали ......

Жалпы Ағылшын тілін білк де жеткілікті шгар .........Неміс Франсуз тілін мектепке коспа ! Керек тілді мектептен кейін уйреніп аладыгой !
Бресе агылшын ..Бресе неміс франсуз - Быткып кеттіго
Ағылшын ...Барлык жерде бар ....Араласуга да тиімді .......

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз