Өлең, жыр, ақындар

Алаштан шыққан тұңғыш елші

Алаштан шыққан тұңғыш елші — көрнекті Алаш қайраткері, ғалым Нәзір Төреқұлұлы. (1892-1937жж).

Нәзіртанушы Тайыр Мансұров жазғандай, Мәскеудегі (Күшығыс) орталық баспаның төрағасы болып қызмет істеп жүргенде-ақ Нәзір НКИД (Сыртқы істер халық комиссаританының) резервіне қойылған болатын. НКИД басшылығының Н.Төреқұловты КСРО-ның Сауд корольдігіне өкілетті өкілі етіп тағайындау мәселесіне орай ВКП Орталық Комитетінің бас хатшысы Сталинге жазған арнайы қызметтік хатында оның «мұсылман әлемі мен дүниетанымының аса білгірі және Хиджаздағы біздің өкілдерімізден талап етілетін күрделі де нәзік саясатты жүргізуге барынша лайық та қабілетті екендігі» атап көрсетілді. Бас хатшы бұл ұсынысты қолдады. Сөйтіп, Төреқұлов 1927 жылғы 15 желтоқсанда Хиджаз, Неджі және қосылған облыстар корольдігіндегі (Сол кезде Сауд мемлекеті осылай аталған) өкілетті өкіл болып тағайындалды.

Нәзірдің Төтенше және Өкілетті миистр ретіндегі (қазіргі елшінің) сенім грамотасын тапсыру рәсімі Меккеде 26.02.1930 жылы жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-де өткізіліп, бүкіл мұсылмандар үшін қасиетті тағдарды айқындайтын – «Ләйләтүл Қадір» түнімен сәйкестендірілді.

Нәзір шетелдік дипломаттар арасында беделінің өсуіне бір жағынан король сарайы тарапынан оған көрсетілген ерекше құрмет те ықпал етті.

Сауда-экономика саласындағы мұндай табысты қадамға қолжеткізуге негізінен, Төреқұловтың жан-жақты ойластырып, Сауд арабиясына 1932 жылы жанармайдың ірі апртиясын 50 мың жәшік бензин мен сонша мөлшердегі керосин жеткізіп беру жөніндегі келісім жасаттырып, оны жүзеге асыртқан, әйгілі «бензин мәмілесі» ықпал еткен еді.

1932 жылы сол уақыттағы екі жақты кеңес-сауд қатынасының жоғары деңгейін білдіретіндей ірі оқиға орын алды. Сауд Арабиясының болашақ корольі, ханзада Фейсал КСРО-ға ресми сапармен келіп қайтты.

М.Калинин, В.Молотов және Н.Крестинскийдің қатысуымен жүргізілген хаттамалық шаралар барысында екі тараптан да бір-бірлеріне деген шынайы достық пен адалдық туралы айтады.

Нәзір Төреқұлұлындай дипломат, тілші-ғалымды көре алмаған Сталин оны Мәскеуге алдыртып, артынан құғынға ұшыратты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз