Өлең, жыр, ақындар

Сырым батырдың Нұралы ханды шапқаны (ІІІ нұсқа)

Сырым жас өспірім бала күнінде-ақ қой бағуды қойыпты. Жігіттік дәуіріне жетісімен хан, билердің кеңесінде болып, билікке кірісіп сөз айтпағанмен, сөзін тыңдап отыруға құмар болыпты.

Бір күні ханның ордасында бір жұмыспен жиналып отырған қазақтардың біреулері ханның ілулі тұрған ішігін көріп:

«Жарықтық, бұл нендей аңның терісі екен?!» — деп таңырқасады. Сонда хан отырғандарға жекіріп: «Атаңа нәлет қазақ деген неткен көргенсіз халықсыңдар, бір тышқанның терісіне сонша неге естерің кетті?» — дейді. Сырым сол жерде ханның сөзіне шыдай алмай ұшып тұра келіп:

— Япырм-ай, мына сарттың тасуын қара, қазақты аяғына басуын қара! Құдай тағала 6666 аяғы, 114 басы бар бір мақұлық жаратты, сен соны білемісің? Үш күннің ішінде осы сөздің мағынасын тап, егер таппасаң, басыңды аламын, — депті де, дойырын табалдырықтан шұбатып, үйден шыға жөнеліпті.

Сырым әр жақтағы Таубай дейтін биден ақыл сұрапты: «Нұралы хан солай деді, мен былай дедім» деп. Сонда Таубай: «Хан тасқан екен, оны шаппақ керек» деп ақыл айтыпты. Сонан соң Нұралы ханның ұлын Ұрымға, қызын Қырымға жіберіп, Сырым батыр шауып алыпты. Нұралы қашып Уфаға тығылып, ақырында сонда өліпті. Сырым батыр отыз төрт жас шамасында Нұралы ханды шапқан себепті үкімет тарапынан жер аударылып, онан аман-есен келген соң, ханға қарсы күресті бұрынғыдан да күшейте түсіпті.

Оқуға кеңес береміз:

Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер