Өлең, жыр, ақындар

Бөкен қарттың Сырымға берген батасы

Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен би Сырымнан келген жұмысын сұрайды. Сонда Сырым:

— Менің сізге келген жұмыстарым — біріншіден, сіздің батаңызды алайын деп келдім, екіншіден, әртүрлі ақыл сұрайын деп келдім, — дейді.

Сонда Бөкен «саған батамды берейін, сен жас болғанмен елге бас болғандай бала екенсің» — деп, бата береді:

Арқаң көп мінгеннен жауыр болсын,
Мінезің қара жерден ауыр болсын,
Өкпең жоқ бауыр болсын.
Құлағыңнан сыбыр кетпесін,
Жасың алпысқа жетпесін, —

дейді. Батасын бергеннен кейін:

— Мен не десем бәрінің де мағынасы бар, қалай түсіндің, өзіме айырып бер, — дейді Бөкен қарт. Сонда Сырым:

— «Арқаң көп мінгеннен жауыр болсын» дегенің — «халық үшін жұмыс жаса, халықты өзіңе тарта біл!» дегенің. «Мінезің қара жерден ауыр болсын» дегенің — «беріден ойлама, әріден ойла, салмақты бол, жеңіл болма!» дегенің. «Өкпең жоқ бауыр болсын» дегенің — «не болса соған өкпелеп, инені жіпке тізіп өкпешіл болма!» дегенің. «Құлағыңнан сыбыр кетпесін» дегенің — ел арасында дау-жанжал көп кездеседі, сол мәселені өзің шешіп, ақ-қарасын айырып, дұрыс төресін бере біл!» дегенің. «Жасың алпысқа жетпесін» деген батаңызға түсіне алмадым, — депті.

Сонда Бөкен қарт Сырымға:

— Мен сенен Құдайдың берген жасын қызғанам ба, жүз алпысқа кел! Менің жасым сексен төртке келді. Жасым алпысқа келгелі алты бәлеге тап болдым. Мен сені сол алты бәледен аулақ болсын деп едім. Олар мыналар: үлкен үйге кіре алмадым, кіші үйге сыя алмадым. Қара сақалды әкем болды, қара шашты шешем болды. Ауру келді, кәрілік жеңді, міне, алты бәле деген — осы, — дейді.

Сонда Сырым батыр:

— «Үлкен үйге кіре алмадым» дегеніңіз — «адамның қатары кетеді, баратын үйі таусылады, «кіші үйге сыя алмадым» дегеніңіз — өзінен жасы кіші адамдардың үйіне жасы үлкен адам шақырусыз бара алмайды. «Қара сақалды әкем» дегеніңіз — өзіңнен туған ақылсыз бала, есейген соң әкенің тілін алмайды, әкесін дұрыс баға білмейді.

Оқуға кеңес береміз:

Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер