Өлең, жыр, ақындар

Сырым мен ишан

Сырым батыр бір жолы Бұхарға барады. Сол күні молдалар мешітте жұма намаз оқып жатыр екен. Сырым мешіт жанынан өтіп бара жатса бір молда жанына келіп:

— Ей, қазақ, намазға жүр! — деп, Сырымды ертіп апарып, ишанның артына тұрғызып қояды. Батыр неден бастарын білмей аузына түскенін айта береді. «Көндірмеске көндірген Құдай, көрінгеннің артына төндірген Құдай!..» — дей бергенде, артта тұрған молда естіп, Сырымды желкеден нұқып қалады. Сырым да алдындағы ишанды желкеден бір түртіп қояды. Ишан намазын бұзбай оқи береді. Намаз оқылып болған соң ишан:

— Мені ұрған кім?— дейді.

— Мен,— дейді Сырым.

— Ә, неге ұрдың?— дейді.

— Мен сахарада еркін өскен қазақ едім. Мына кісі мені әкеліп намазға тұрғызып қойды. Не дерімді білмей аузымды күбірлетіп тұр едім, артымнан түртіп қалды. Намаз кезінде алдынғысын артындағы кісі түртіп тұратын әдеті екен ғой деп, мен де сізді бір түйіп қалдым,— дейді

Сырым.

— Сахара қазағын әкеліп намазға тұрғызған ақымақ,— деп, ишан молдаға дүре салғызыпты.

Оқуға кеңес береміз:

Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер