Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар мен Қайырлы би

Сырым батырдың ұрпағы Мұхтар орта жүзде ме, әлде Кіші жүздің бір шетінде әкім болып тұрады. Өзі өте тәкаппар, елге сүйкімсіз дегенді есітіп Қайырлы деген би іздеп барыпты. Түс мезгілі екен, үйіне кіріп барса, Мұхтар төрде мамық жастықта жатып әйеліне аяғын сипатып, Қайырлымен басын көтеріп амандаспағанда, әйелі Қайырлы ер бері отырғасын ақ құйып береді. Қайырлы ақтан ауыз тиіп, аяғын жерге қойып бата беруге қолын жайып:

— Арғы атаң сенің Дат еді, о да бір қойылған ат еді, одан туған Сырым еді, жауына қарсы тұрып еді. Одан туған Қазы еді, біреуге қыс, біреуге жаз еді. Одан туған Омар-ды, аударылмас томар-ды, одан туған Мұхтарсың кісіменен ісі жоқ па, жатасың да, ұйықтайсың, сенен әкім болып ел билеу шықпас. Одан да елге қайт, биссімелла алаакпар! — деп бетін сипап тұрып жүре бергенде, әйелі:

— Тәйір-ай, сен тұрсайшы, мынау тегін адам емес қой, — деген. Сонда Мұхтар ұшып тұрып:

— Жіберме, шақыр қонақ болсын, — деп, Қайырлыны үйге қайта кіргізген. Қайырлы бірнеше күн жатып Мұхтарға ақыл айтып, содан кейін Мұхтар түзеліп, дұрыс ел билеген әкім болыпты.

Оқуға кеңес береміз:

Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер