Өлең, жыр, ақындар

Қызылғұрт Жантөре би мен Шомбал би

Жәңгір ханның Шомбал деген биі болады, Әбілқайыр хан заманында қазақтан салдат алынбайтын кездерде Хиуа-Бұқарадан қашып, ойыл-Қиыл Жем, Сағызды өтіп, қазақ ішіне келіп, Әбілқайыр ханға паналап, күн көріп өсіп-өнеді. Он шақты үй ноғай берекелі Жәңгір ханның заманында ноғай, қазақ атасынан Шомбал деген пайда болады. Өзі епті адам болады және өте тәкаппар болады. Дұрысында бұған санаттық тимейді, бұлар аз және он екі байұлының санына кірмейді, ептелегенсін ханға қоян қолтық болып кіріп, жағынып он екі санатының бәріне өтеді. Бұған есентемір руын, таз руын бағындырады және Батырбек руына шарша советчик етіп сайлайды. Сондықтан бұған аға сұлтан атағын береді. Шомбал бір күні жолдас-жораларымен өзі де қырық шақырым ит жүгіртіп, құс салып, саяхатта жүріп Көшек төренің үйіне келіп қонақ болып жатады.

Тап сол күні Шомбалдың үстіне қызылғұрт Жантөре би келеді, Көшек төре ұшып түре келіп сәлем беріп, қол алысып, астына төсек, артына жастық қойып, аман-сау алысады. Баяғы Шомбал би мұрны сертиіп, Жантөреден көсілген ағайынды жимайды. Орнында жантайып жата береді. Біраз аман-сау алысып болғаннан кейін Жантөре би қолын шошайтып:

— Ау, Көшек, және мынау жатқан қонағың кім еді? — дейді.

Көшек:

— Ау, Жәке, бұл ноғай қазақ, Шомбал би ғой, ханның аға сұлтаны ғой, — дейді. Жантөре:

— Иә, иә, Шомбал би деген осы ма,
Шомбал би болса білемін,
Атасы бұның — орауыл,
Орауылдан кен он ауыл.
Арбасының ізі жосылған,
Жем, Сағыздың бойында,
Бай аулына келіп қосылған.
Атасын мұның білемін,
Қойды баққан құл еді.
Анасын мұның білемін,
Тезек терген күң еді.
Солардан туған Шомбалды,
Жақсы би болды деп еді,—

дейді. Шомбал ертеңге шейін тығылып, бір ауыз әңгімеге кірісе алмайды. Жантөре аттанарда ертеңіне амандасқанда былай дейді:

— Шомбалжан, көріскенше күн жақсы, өтірік-шын жақса, екше ауызымнан бір-екі ауыз қалай-ай сөз шығып кетсе, айырмассың, — дейді. Шомбал:

— Жәке, сөз осы арада қалсын, ендігәрі айта көрмеңіз, — деп, орнынан тұрып көк мауыт шекпенін жауып жіберіпті дейді.

Оқуға кеңес береміз:

Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер