Өлең, жыр, ақындар

Ілияс Жансүгіровтің 1927 жылы жарық көрген жыр жинағы табылды

Жыр Құлагері атанған дүлділ ақын Ілияс Жансүгіровтың бұрын белгісіз болып келген тағы бір кітабы табылды.

Төте жазумен теріліп, 1927 жылы Мәскеу қаласындағы баспадан шыққан жинақты Алматы қаласының байырғы тұрғыны, кинорежиссер Ербол Бораншаұлы жеке кітапханасында сақтаған екен. Ақынның шымшыма өлеңдерінен құралған кітап «Өтірік» деп аталады. Ілияс ақын репрессия құрығына ілінген кезде көптеген кітаптары мен қолжазбалары тәркіленіп, жойылған болатын. Ал Ербол Бораншаұлының жеке мұрағатынан табылған бұл түпнұсқа жинақ Жансүгіров мұрасына қосылған үлес қана емес, қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі оқиға болып отыр.

Қазір табылған кітап Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы облыстық әдеби мұражайға қойылған.

Бұл сүйінші хабарды аталған мұражай меңгерушісі Нұргүл Жауынбаева Жетісу университетінде өткен «Жансүгіров оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында хабарлады.

– Бұл кітап - бұрын-соңды ешкімнің қолына түспеген түпнұсқа. Сүйінші хабарды Жансүгіров оқуларына еліміздің түкпір-түкпірінен келген Ілиястанушы ғалымдар мен студент жастарға жеткізіп отымыз.

Кітапты көріп көзайым болуды ойлаған жандарды музейге шақырамын, - дейді Ілияс Жансүгіров атындағы облыстық әдеби мұражай меңгерушісі Нұргүл Жауынбаева.

Ал университет қабырғасында дәстүрлі түрде өтетін ғылыми конференцияда Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты талқыланды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Нурик

Қазақ тілінде неше әріп бар

Аруна

Қазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. 12 дауысты дыбыс бар:
- а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е, э, и, у.
Жуан дауыстылар - а, о, ы, ұ.
Жіңішке дауыстылар - ә, ө, і, ү, е, э.
Ашық дауыстылар - а, ә, о, ө, е.
Қысаң дауыстылар - ы, і, и, ұ, ү, у.
Еріндік дауыстылар - о, ө, ұ, ү, у.
Езулік дауыстылар - а, ә, и, е, э, ы, і.
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР:
Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар:
- б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, т, с, ф, х, Һ, ц, ч, щ, ш.
Қатаң дауыссыздар - п, ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х, Һ.
Ұяң дауыссыздар - б, в, г, ғ, д, ж, з.
Үнді дауыссыздар - р, л, й, у, м, н, ң.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар