Өлең, жыр, ақындар

Наубайшының дұғасы

Нан алушылардың арасынан бәз біреулер оған жалған ақша беретін. Алайда наубайшы жалған ақша екендігін біле тұра ләм мим демейді. Қай кезде болмасын жалған ақша ұсынған кісінің сұраған нанын беретін. Сол маңайда тұратындардың барлығы оның бұл әрекетінен де хабардар бола бастайды. Тіпті оның бұл қылығына да таңданатын. Бірақ ешкім сырын түсінбеді.

Күндердің күнінде ажал сәті келгенде наубайшы қолын жайып; «Әй менің Ұлы Раббым! Көптеген жылдар бойы кейбір пенделерің нан алу үшін маған жалған ақша беріп келді. Бірақ мен, олардың айыбын бетіне баспадым, жалған ақшаларын кері қайтармадым. Үнемі кешіріммен қарадым. Сұрағанын беріп келгенімді білесің, Аллаһым! Дәл қазір мен, Сенің құзырыңа шынайы болмаған, шала құлшылықтарыммен бірге барамын. Оларды бетіме баспа!», деп жалбарынып дұға қылған екен.

Біреудің айыбын жасыру адамгершіліктен, мұсылманшылықтан болып табылады. Әрбір адамның қателігі мен кемшілігі болады. Өзгенің қателігімен, кемшілігімен айналысып, өзін ұмытқандардың халі нендей күлкілі дейді ізгілер. Ал өзін-өзі есепке тартып жүрген кісі күнә атаулыдан арылып ізгі жандардың қатарына енуі әбден мүмкін. Бір хадис шәрифте былай дейді:

Өзгенің кемшіліктерімен айналыспай, өз кемшіліктерімен шұғылданған жанды сүйіншілеймін.

Біреудің мінін көргенше, 
Жамандығын тергенше, 
Өз ойыңды мазалап, 
Өз бойыңды тазалап, 
Өзіңмен алыс өлгенше!

Шәкәрім Құдайбердіұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз