Өлең, жыр, ақындар

Шұғаның белгісі - Қысқаша мазмұны

Повестің фабуласы дәстүрлі: Кедейден шыққан Әбдірахман деген мұғалім жігіт Есімбек деген байдың Шұға атты сұлу қызына ғашық болады. Жігітті қыз да сүйеді. Бұл, әрине, байларға ұнамайды. Олар жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Бұған күйзелген Шұға айықпас дертке ұшырайды. Қызының халіне қиналған Есімбек болысқа айтып, Әбдірахманды амалсыз босатады. Әбдірахман алып-ұшып, сүйікті Шұғасын көруге асығып келсе, қайран ару жарық дүниемен біржола қош айтысқан екен; оның өзіне жазып қалдырған хатын оқып, көз жасы көл болады.

Мұның бәрі бүгінгі көзге белгілі оқиғадай, жаттанды тақырыптай болып көрінгенімен, көркем прозасы әлі де қалыптасып үлгермеген заманда, тіпті алғашқылардың бірі болып, жаңа, еуропалық үлгідегі проза жанрымен салған жерден мұндай көлемді көркем дүние жазу - тек Б.Майлин секілді хас таланттың ғана қолынан келетін шаруа еді.

Назар аудар (басып, өтіп оқуға болады):

Толық нұсқасы: Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі»

Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіне сатылай кешенді талдау

Бейімбет Майлиннің басқа да шығармалары


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (6)

Бекзат

Рахмет! Пайдама жарады!!

Асылюбоқ

Раһмет

Асылюбоқ

Өте пайдалы

Асылбек

Асылбек

Ктл топ

Асылбек

Рахмет оте

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз