Өлең, жыр, ақындар

Қазіргі Қазақстандағы спорттың жағдайы қандай?

Спорт — мемлекеттің маңызды бөлшегі. Себебі спорт біріншіден, денсаулық кепілі, екіншіден, мемлекеттің белгілі бір жақтан дамуына ықпалын тигізеді, солай емес пе? Ал Қазақстанда спорт саласының жағдайы қандай? Бұл сала қалай және қай жақтан дамуда?

Біз Қазақстанды спорттан төмен деп айта алмаймыз. Себебі Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген халықаралық жарыстардан жетістіктеріміз жетерлік, спорт жағынан Қазақстанды дамытып жатқандар да аз емес. Яғни, беделіміз бар. Алдағы уақытта бұл атақты ұстап тұра аламыз ба? Статистикалар сөйлесін.

Ең соңғы нәтижелер 2022 жылғы нәтижелер. Vesti.kz мәлімдемесіне сүйенсек, Қазақстан 2022 жылдың қорытындысы бойынша 206 мемлекет арасынан 45-орынға жайғасқан. Өкінішке қарай, 3 саты төмен түскен. Бұл жалпы спорттың рейтингі. Ал енді танымал спорт түрлерін жеке қарастырайық.

Дәл қазір Қазақстандағы футболдың жағдайы жаман емес. Көптеген камбэктермен елді қуантқан, елдің назарын өзіне аударған футбол құрамасы FIFA рейтингі бойынша дәл қазіргі сәтте топ-100-дікке кіріп, 100-орынды алып тұр. Енді футбол құрамасынан алдағы ойындарына жеңіс пен рейтингте жоғары сатыда көреміз деген ойдамыз. Доп жерге тимейтін жалғыз спорт түрі волейбол рейтингіне үңілсек, FIVB мәліметіне қарасақ, ерлер 85 команданың ішінен 53-орынды алса, қыздардың нәтижесі жоғарырақ, нақты айтсақ, 50 команданың ішінен 32-орынға жайғасқан. Тағы бір командалық спорт түрі-баскетбол. FIBA нәтижесі бойыншаБаскетболдан Қазақстан ерлерінің құрамасы 100 команда арасынан 68-орынды алса, қыздар командасы 70-орынды алып тұр. Келесі спорттың нәтижесі барлығымызды қуантады, себебі біздің спортшыларымыз IBF рейтингінде Бірінші орынға жайғасқан. Бұл спорт түрі әрине-бокс.

Бұл статистикаларға үңіле отырып, біз Қазақстандағы спорттың жағдайын анықтадық. Қорытынды шығаратын болсақ, жаман емес. Тіпті кейбір спорт түрлері, әсіресе бокс қуантарлық жағдайда. Ендігі мақсат-жоғары нәтижелерден түспей, төмен нәтижелерді жоғарылату!

Аружан Мағауиянова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз