Өлең, жыр, ақындар

Жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадам

Жер сілкіну, жер сілкінісі — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.

Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.

Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.

Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.

Жерсілкіну ұзақтығы

Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 – 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген. Жерсілкіну кезінде орташа есеппен 1×1024 – 1×1025 эрг энергия бөлінеді. Мысалы, Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы – 1×1023 эрг, Моңғолиядағы Гобь Алтайында — 1×1024 эрг, Чилиде — 1×1024 эрг, Ташкентте — 1×1020 эрг, Кемин жотасында (Алматы) — 4×1024 эрг.

Жерсілкінудің басқа да түрлері

Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде.

Жер сілкінісі болған жағдайдағы қарапайым 10 қадам

Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;

Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;

Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;

Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң, ғимараттан шығыңыз;

Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;

Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Назар аудар:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз