Өлең, жыр, ақындар

«Үздік» оқушы болу үшін не істеу керек?

   Ең бірінші, жалқаулықты жойыңыз. Жалқау болсаңыз жақсы оқу қолыңыздан келмейді. Себебі енді жақсы оқып, тұрақты түрде үй жұмыстарын тыңғылықты орындап жүрген уақытта осы жалқаулық қасиетіңіз оянса еңбегіңіз еш кетеді. Іштей «жата берейінші, ертең орындаймын, маған бұл тақырып қызықсыз» деген сылтаулар сыртқа шығып шындыққа айналғаны дұрыс емес.

     Әрдайым үй тапсырмасын орындауға тырысыңыз. Тақырыпты түсінбесеңіз әлеуметтік-желілерден ізденіп жасауға әрекет етіңіз. Себебі мектептегі көп баға осы үй жұмысына негізделгенін ұытпауыңыз керек. Бағаларыңыз түзеліп жатса, мектепте «үздік» болуға бір қадам жақындадым дей беріңіз.

      Тақырыптарды міндетті түрде қайталап отырыңыз. Әсіресе тез ұмытып қалатын оқушыларға күнделікті тақырыптарды қайталап отыруға кеңес беремін. Өйткені, тоқсанның соңында болатын бжб және тжб жұмыстары өткен тақырыптардан тапсырма түрінде келеді. Ал тоқсандықтың бағасы көбінде осы бақылау жұмыстарына негізделіп қойылады.

        Үздік атанғысы келетін оқушыларға ұстазыңызбен ренжіспеңіз дер едім. Жақсы оқығыңыз келсе, мұғалімнің пәніне қызығушылығыңыз бар екендігін көрсетсеңіз жеткілікті. Ал мұғалім сіздің талпынысыңызды бағалайды.

        Күн тәртібін құрастырыңыз.  Сабаққа күнделікті белгілі бір уақыт бөліңіз дисциплина әрқашан маңызды екендігін естен шығармаңыз. Үздік атанамын деп өзіңіздің сүйікті істеріңізбен айналысуды ұмытпаңыз. Фокусты тек оқуға қоятын болсаңыз, бір күні жалығып оқығыңыз келмейді. Шабыт, мотивация, дисциплина жоғалса үздік атану қиын болады.


Пікірлер (1)

Дони

Қызық екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз