Асыл шөп

Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахылап-ухілеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты:
- Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?
- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима.
- Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін деді Злиха
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты: сабыр деген екен.


Пікірлер (3)

ешкім!!!

кушты емес оте жаман!!!

Қуатбай Нұрғалиев

Керемет

Ақерке

мен бұл көріністі сыныппен бірге құрдым мен Злиха болдым өте қысқа болса да әсерлі әрі өте тамаша

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
Сайтты қолдану жөнінде нұсқаулық
ҰБТ(онлайн тест)