Өлең, жыр, ақындар

Болған оқиға

Қажылыққа барған бір кісі басынан өткен оқиғаны былайша баяндайды:

Бір топ мұсылман жау қолына тұтқынға түстік. Ресей барлаушысы жауап алу кезінде:

— Мына қарапайым қару-жарақпен біздің бронетранспортерлерімізді қалай жойып жібересің? — деді мысқылдап.

Бір ағамыз былай деп жауап берді:

— Біз, бір тасты алып, «Я, Аллаһ!» деп сендерге қарай атсақ, Аллаһу та’аланың рұқсатымен зымыран сынағын жасайды.

Орыс офицері бұл жауапқа таң қалды да, — Таңертең оның өнерін көрейік, деді.

Әлгі ағамыз таң атқанша жылап Аллаһу та’алаға дұға етті:

— О, Құдайым! Бұл сөзді жаудың жүрегіне үрей ұялату үшін айттым. Я, Ғафур! Сен мүмкін емес нәрсені жасайсың. Я, Раббым! Мұхаммед алейһиссаламның құрметіне мені дұшпандардың алдында өтірікші қылма!, — деп, ұзақ құлшылық жасап, жалбарынды, біз әумин дедік. Келесі күні олар оның қолына бір тас берді де, 10 метр әріректе тұрған көлікке қарата, «Ат!» деді.

Жаңағы ағамыз бисмилләһ пен сауалат айтып, көзіне жас алып «Я, Рабби, Я, Саттар, Аллаһу Әкбар» деп тасты лақтырып кеп жібергенде, көлік жарылып кетті. Қаза болғандар мен жараланғандар бар еді. Ондағылардың бәрі дүрбелеңмен абдырап қалды. Осы сәтті пайдаланып біз де қашып кеттік. Осыдан кейін көптеген жау сарбаздары арамызға қосылып мұсылман болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз