Өлең-жыр байқауы

Он кеңес

АҚШ-тық жазушы Майкл Поллан «Азық ережелері» атты жаңа кітабында, адамдарды дұрыс тамақтану арқылы салауатты өмір сүруге шақырады.

Көптеген диетологтар, дәрігерлер, антропологтар, медбикелер, көптеген аналар және әжелермен пікір бөлісіп сөйлескен жазушы Майкл Поллан қоректену әдістерін Азық ережелері атты кітабымен жарыққа шығарған.

Төменде тамақтанудағы маңызды 10 кеңесі келтірілген:

Нан қаншалықты ақ болса, өліміңіз соншалықты жақын деген сөз. Ақ ұнның шекерден айырмашылығы жоқ.

Сүттің  түсін өзгертетін жүгері қытырлағын жемеңіз.

Әжеңіз танымайтын, білмейтін нәрсені сатып алмаңыз!

Тамақты қарныңыз ашқанда жеңіз!

Табағыңызда қаншалықты түрлі-түсті тағамдар болса, соншалықты денсаулыққа пайдалы.

Дайын тамақтың сыртқы орауында «құрамы» деген бөлімі неғұрлым ұзын болса, соғұрлым көп өңдеуден өтті деген сөз.

Асыңыздың дәмін сезіне алатындай етіп ақырын жеңіз!

Азықтың витринадағы өмірі қаншалықты ұзақ болса, соншалықты көп өңдеуден өтті деген сөз.

Дастарханнан қатты тойып кетуден бұрын тұрыңыз! Жапондар 80 % -ға, ал қытайлықтар 70 % -ға тойған кезде дастарханнан тұруға кеңес береді.

Көкөніс шырынын да ішіңіз! Бұлар азықтық құндылығына өте бай келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

abaikz

Өте пайдалы кеңестер!

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)