«Қазіргі жастар – ел болашағының айнасы»
Бүгінгі жастар – Тәуелсіз елдің тірегі, болашағының айнасы. Уақыт көшінен қалмай, жаңа дәуірмен қатар жасап келе жатқан жас буын – қоғамның ең белсенді, жаңашыл тобы. Қазіргі заман жастары – білімді, батыл, технологияны жетік меңгерген, пікірін ашық айтатын және өз жолын табуға тырысатын тұлғалар.
Алайда, жастардың мәселесі де жоқ емес. Жұмыссыздық, баспана, кәсіби бағыттағы қиналыстар мен ақпараттық қысым – қазіргі буынның алдындағы үлкен сынақтар. Сонымен қатар, рухани құндылықтарға деген немқұрайлық, шетелге еліктеу, әлеуметтік желіге тәуелділік те алаңдатарлық.
Сондықтан жастардың санасына ұлттық тәрбие мен заманауи білімді қатар сіңіру – маңызды міндет. Жастарға сенім артылып, олардың бастамаларын қолдау – болашақтың іргесін берік етудің кепілі.
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі