Өлең, жыр, ақындар

Әлеуметтік желілердің қазіргі жастарға әсері

   Қазіргі қоғам жастарының басым бөлігі әлеуметтік желіні белсенді пайдаланады. Әлеуметтік желілер жастардың күнделікті өмірінің маңызды құралына айналып келеді. Мұнда адам өзіне қажет ақпаратты тез таба алады, алыс жердегі туыстарымен қарым-қатынас жасай алады. Дегенмен әлеуметтік желінің тек жағымды емес, жағымсыз жақтары да бар.


Әлеуметтік желінің пайдасы

Әлеуметтік желілер арқылы адамның қалаған ақпаратты жылдам алуына мүмкіндік туады. Сонымен қатар жастар әлеуметтік желіде жеке парақшасын дамытып, шығармашылық немесе кәсіптік бастамаларын қалыптастыра алады. Қазіргі жастардың басым бөлігі TikTok, Instagram, YouTube, Twitch сияқты платформаларды белсенді қолданады.


Статистика

2024–2025 жылдарға арналған соңғы деректерге сүйенсек:

  • TikTok — ай сайынғы белсенді қолданушылар саны әлем бойынша 1,8 млрд.

    Қытайда қолданушылардың 60%-ы 25–44 жас аралығында, ал басқа елдерде 24 жастан асқандар шамамен 43%.

  • Instagram — ай сайынғы белсенді қолданушылар саны 2,4 млрд-тан астам.

  • YouTube — ай сайынғы белсенді аудиториясы 2,7 млрд.

  • Twitch — ай сайынғы белсенді қолданушылар саны 140–150 млн. Әлемдегі №1 геймерлік стриминг платформасы саналады.

  • WhatsApp — ай сайынғы белсенді қолданушылар саны 2,8 млрд.

    Платформада күн сайын 100 млрд-тан астам хабарлама жіберіледі.


Әлеуметтік желінің зияны

Әлеуметтік желі пайдалы болғанымен, оның кері әсерлері де бар. Көптеген жастар күн сайын әлеуметтік желілерде 10–12 сағатқа дейін уақыт өткізуі мүмкін. Бұл олардың білім алуына, спортпен шұғылдануына және жалпы өмір салтына теріс әсер етеді.


Денсаулыққа әсері

Ұзақ уақыт телефонға үңіліп отыру:

  • көздің шаршауына;

  • көру қабілетінің нашарлауына;

  • ұйқы режимінің бұзылуына;

  • жүйке жүйесінің әлсіреуіне әсер етеді.

Дәрігерлердің айтуынша, экранға ұзақ қарау нәтижесінде көру қабілеті 20–30% төмендеуі мүмкін.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Наурызбай Айша


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз