Қазақ қоғамында әйелдің көшбасшылық рөліне қатысты түрлі көзқарастар қалыптасқан. Соның бірі – «Әйел бастаған көш оңбайды» деген ұғым. Алайда қазіргі кезеңде бұл пікірді нақты іспен жоққа шығарып жүрген әйелдер аз емес. Солардың қатарында білім беру саласында өзіндік бағытын қалыптастырған Жұлдызай Мусаеваны атауға болады.
Жұлдызай Мусаева 1997 жылы 11 ақпанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Шығанақ ауылында дүниеге келген. Бүгінде ол – талапкерлерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайтын «JUZ40»білім беру орталығының негізін қалаушы.
Кәсіби жолын бастау барысында Жұлдызай бірқатар қиындықтарға тап болды. ҰБТ нәтижесі күткен деңгейде болмағанымен, бұл жағдай оның білім саласындағы қызметіне кедергі келтірмеді. Керісінше, ол өз тәжірибесін пайдаланып, мектеп бітіруші түлектерге қолдау көрсетуге кірісті. Алғашқы сабақтарын ВКОНТАКТЕ желісі арқылы ұйымдастырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен оқушыларды дайындай бастады.
2018 жылғы 10 қазанда «JUZ40» оқу орталығы ресми түрде ашылды. Қысқа уақыт ішінде бұл жоба кең аудиторияны қамтып, республика көлемінде танымал болды. Қазіргі таңда орталық мыңдаған оқушыға ҰБТ-ға жүйелі дайындалуға мүмкіндік ұсынып отыр.
Жұлдызай Мусаеваның қызметі әйел көшбасшылығының заманауи үлгісін көрсетеді. Оның еңбегі білім беру саласында жеке бастаманың нәтижелі жүзеге асатынын дәлелдейді. Сонымен қатар, бұл мысал қоғамдағы қалыптасқан стереотиптерді қайта қарауға негіз бола алады. Жұлдызай Мусаеваның кәсіби жолы – мақсатқа ұмтылу мен үздіксіз еңбектің нәтижесі. Оның бастамасы бүгінде көптеген жасқа үлгі болып отыр.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Анешова Аяжан
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі