Өлең, жыр, ақындар

Волейбол ойыны

      Волейбол ойыны 1895 жылы АҚШ-та дене шынықтыру мұғалімі Уильям Г. Морган ойлап шығарған. Бастапқы атауы «mintonette» болған. Волейбол 1964 жылдан бастап Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Қазіргі күнде Дүниежүзілік волейбол федерациясының (FIVB) дерегі бойынша, волейболмен әлемде жүз миллионнан астам адам айналысады. Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, волейбол ойнау кезінде адам сағатына орта есеппен 400–600 калория жоғалтады. Бұл жүрек-қан тамыр жүйесін нығайтып, бұлшық еттердің дамуына әсер етеді. FIVB құрамында 200-ден аса ел бар, бұл футболдан да көп ел.

 

Ең көп көрермен қатысқан ресми матчта 61 500 адам болған.

Ең жас ойыншы: Dimitar Dobrev (Болгария) – 17 жас, 57 күн кезінде 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.

Ең қарт ойыншы: Foad Elmaarug (Ливия) – 42 жас, 210 күн кезінде әлем чемпионатына қатысқан.

Әйелдер арасында ең жас халықаралық титул алған ойыншының бірі – Сюэ Чэнь (Қытай). Ол 17 жасында жағажай волейболында халықаралық жеңісіне қол жеткізген. Қазақстандық жас волейболшылар Орталық Азия чемпионатында жүлделі орындарды жеңіп отыр. Қазақстан құрамасы жағажай волейболында Азия чемпионатында алтын медаль иеленді. Волейбол — салауатты өмір салты. Ойындағы спорттық қимылдар адам өмірін жақсартып қана қоймай, тактикалық ойлау мен қарсыластың ойын оқу арқылы IQ-ды дамытады.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Нұрдәулет Серікболатұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз