Өлең, жыр, ақындар

Қазақ халқы және құстар жайлы

    Дәл қазіргі таңда Қазақстанда құстардың 20 отрядқа жататын 505түрі бар.Жалпы қазақ халқы құстарды сүйетін оларды өз өмірлерімен байланыстыратын халық.Қазақтың басшылары да көрнекті ақындары тіпті қарапайым халықтың өзі көне замандар да әр заттың өз киесі бар деп ұғынған.

Осыған орай Қытай халқындағы Мао Цзэдунның “Ұлы торғай соғысы”жағдайын еске түсірсек.Мао 1958жылы торғайлар- егіп жатқан астықтарды жейді  және олар пайдасыз деп халыққа жария етіп аз ғана уақыттың ішінде 1,96млрд торғай өлтіріліп бірақ оның зардабынан астықты жейтін жәндіктер көбейіп аштықтан 30млн адам қаза тапқан тұғын.Бұл зардап әсерінен Қытай елі КСРО мен Канададан қайта торғайларды сатып алған еді.Тіпті өзіміздің көршілес еліміз Ресей халқы аққуды патша мерекеленінде “Царская дичь”тағам ретінде қолданады.

Ал өзіміздің қазақ халқында Ж.Аймауытовтың “Қараторғай”әңгімесінде атасы егістіктің жаныңа торғайларға ұя салып көктемде оларды асыға күтіп кішкентай ауыл балаларына құстарды өсиет етіп айтып отыратының жазған.Ал аққуға келсек қазақ халқы аққуды сонау көне заманнан бері “Махаббат символы және сұлулыққа теңеген”оған үлкен мысал:М.Мақатаевтың жүректі тербейтін “Аққулар ұйықтағанда” поэмасы онда бақытсыз ана бақытты боламын деп аққуды өлтіріп соныңда аққудың да баласының да тіпті күллі жетімкөл көлінің берекетін қашырып бақытқа кеңелмей кеткендігін сөзсіз жүрекке тиетіндей етіп аққудың киелігін баяндаған.Тек бұл құстар ғана емес қазақ халқы бүркітті де “жеті қазынаға”қосқан сонымен қатар ауыл тұрғындарың алып бәлекеттен құтқарған бүркіт жайлы “Мұзбалақ” әңгімесі де бар.Ал үкінің қасиетін көптеген елдер түсінбей жүргенде қазақ елі туған баланың,ұзатылған қыздың басына үкі таққан бұл ырым мағанасы үкінің даналығын берсін және жаман нәрселерден сақтасын деген ниетпен тағылған.Қасиетті құстарымыздың бірі қарлығаш Ұлы биіміз Төле биді жаудан аман алып қалған тіпті Қарлығаштың құйрығының айыр болғаның өзін қазақ халқы киелі аңыз еткен.Әлі күнге дейін Қазақтың қара көз қыздарымыздың арасынан Қарлығаш,Бұлбұл есімдері табылады.Бұл көріністердің барлығы қазақтың даралығын да даналығын да анық әрі шүбесіз бейнелейді. 

Journiverse білім беру орталығының оқушысы: Күнтуған Сүйрік 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз