Санамда тұр сан мыңдаған сағым ой
Өзіңде өтті қаншама думанды той.
Куәгері бақытты балалықтың,
Туған жерім сені қатты сағындым ғой.
Саған деген сағынышым сенгісіз,
Көзбен көру бұйырар қашан белгісіз.
Он екі жылда өзіңе бір рет бара алмай,
Сезініп жүрмін мен өзімді дәрменсіз.
Жасыл желек жайлауым, нуым менің,
Жүрекке жылы тиер жырым едің.
Табиғатпен сырласып өскен өлкем,
Сағындырдың балалық күнім менің.
Жүруші едім өзіңде бал-бұл жайнап,
Ешқандай қайғы-мұңсыз, күліп, ойнап.
Қолыма бір құтыны ұстап алып,
Құлпынай теруші едім, қырды бойлап.
Өтті сенде шуақты бал күндерім,
Алсам ойға ауырады жүрегім.
Туған жерім кетсем дағы мен сенен,
Кең далаңда бір аунасам деп едім.
Мен саған барам десем сенесің бе?
Оған дейін түсіме бір енесің бе?
Сағыныштан тулаған жүрегімді,
Орнына бір түсіріп бересің бе?
Туған жерім, әсемсің, дархан далам,
Кім бар екен өзіңе жыр жазбаған.
Мен де бүгін тербедім саған қалам,
Жыр жазсамда сағынышым тарқалмаған.
Туған жерім биік болсын тұғырың,
Аз болсада өтті сенде ғұмырым.
Ұмытпаймын мен сені ешқашанда,
Себебі тек өзіңсің төккен нұрын.
Авторы: Жәнәбіл Қания
aituganovvv
Өте керемет өлең! Туған жерге деген махаббатын әдемі суреттеген. Маған өте қатты ұнады
Модератор
Өлеңдер бөліміне қоссаңыз дұрыс болар еді.