Миллиондардың арманына айналған әлемдік топ университеттердің бірі – Harvard University. Жоғары талаптарымен және бәсекелестігімен ерекшеленетін бұл оқу орнына әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды жастар жиналады. Солардың қатарында қазақ қызы бар дегенге сену – үлкен мақтаныш. Гарвард магистранты атанған Асель Амангельді осы сенімді шындыққа айналдырды.
Асель Түркістан облысындағы Арыс қаласында дүниеге келген. Қарапайым отбасында өскен оның өмір жолын өзгерткен – білімге деген құштарлық. 8-сыныпта Nazarbayev Intellectual Schools жүйесіне қабылданып, туған жерінен жырақта оқи бастайды. Кейін ол бұл кезеңді «бұрын беймәлім болған әлеммен табыстырған орта» деп еске алады. Асель ата-анасынан ерте айырылып, бауырларына тірек бола білді. Жастайынан жауапкершілікті мойнына алған ол оқуын үздік жалғастырды. Кейін Nazarbayev University түлегі атанып, бағын әлемдік деңгейде сынап көруге бел буды. Талапкер ретінде Гарвардқа құжат тапсырып, магистратураға қабылданғаны туралы қуанышты хабар алады. Сұхбаттарының бірінде ол жетістігін ата-анасының тәрбиесімен байланыстырады. 2024 жылы Гарвардтан ресми шақырту алғанымен, отбасылық жағдайына байланысты оқуын бір жылға шегерген. 2025 жылы білімін тәмамдаған.
Қазіргі таңда Асель Гарвард университетінде академиялық қызмет атқаратынын айтқан. Кішкентай қаладан шыққан қазақ қызының әлемдік деңгейдегі университетте еңбек етуі – талпыныс пен табандылықтың нәтижесі. Асель Амангельді өз жетістігі арқылы қазақ жастарына үлкен үміт сыйлады. Оның жолы – білімге сенген адамның биік белестерді бағындыра алатынының дәлелі.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Аубакир Кәусар
-
- Виктор Франкл
- Фридрих Ницше
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі