Өлең, жыр, ақындар

«Ашық жүрек» еріктілер тобымен серіктестік орнаттық 

     «Жақсылық жаса, мейірім тарат» деп ұрандатқан Ашық жүрек тобы айналасына бейжай қарамайтын, бір-біріне көмек беруді мақсат еткен жандардың ортақ ұйымы. Олар мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді, әлеуметтік бастамаларды қолдауды және қоғамда мейірімділік пен жанашырлық мәдениетін дамытуды көздейтін еріктілер ұйымы. Дәл осы мақсатты ұстанатын жастар үшін біздің Абай атындағы Ұлттық мектеп серіктестік орнатты. Бұл жаңалықты естіген әр оқушының көзінде жалын пайда болып, іріктелуге асықты. 

Осы бастаманы 10 сынып оқушысы Ернар бастап, іргесін қалаған. Мектеп қабырғасында екеуіміз осы тақырып аясында әңгімелестік. 

-Ернар,жаңа бастама сәтті болғай! Еріктілер тобының филиалын мектепке қосу туралы ой қалай туындады?

-Рақмет! Негізі бәрі өзімнен басталды. Еріктілердің жұмысы, өзгеге көмек бере алу, бар екенінді көрсету қабілеті маған ұнады. Сонымен қатар, әрбір жоба керемет мүмкіндік сыйлай алатынына көзім жетті. Қызығушылығым артып, бұл жұмысқа жаз мезгілінен бері белсенді түрде қатысамын. Қазіргі таңда еріктілер тобында 120 сағаттық тәжірибесі бар еріктімін.  

-Тамаша! Алайда, неліктен дәл осы “Ашық жүрек” еріктілер тобын біздің мектепке қосқың келді, негізгі мақсат қандай?

-Өзіңде білетіндей Абай Ұлттық мектебінде оқушылар мәдениетке, қазақтың әрбір құндылығын насихаттай алатын талатты балалар. Бірақ, неге өзгешелік қоспасқа? Мектеп оқушыларын неліктен басқа қырынан көрмеске? деген сұрақтар туындады. Осы себеппен, мектепте де жаңа филиал ашып, балалардың ой өрісін басқа жақтан да дамыту менің мақсатым болды. 

-Шынымен де, мектеп оқушыларын басқа қырынан көрген бізге де қызықты болар еді! Қазіргі таңда, қандай жобаларға қатыстыңдар?

-Ең алғаш жобамызды 1-қазан Қарттар күніне арнап, қарттар үйіне бардық. Жас ұрпақтың бойына ізгілік, мейірім тарайтындай игі істің бастамасын жасадық. Келесі жоба бұл жақында болатын Мирас Жүгінүсов пен Қайрат Нұртастың концерттерінде қолдау көрсетпекпіз! 

-Сендер үшін қуаныштымын! Сендер секілді еңбекке талпынған, биікті аңсаған жастар көп болғай! 

-Рақмет! Келесі жобаға сені де шақырамыз, қоғамға бірге қызмет етейік.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Ғаниқызы Дәрия

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз