2025–2026 жылдары Қазақстанда миллиондаған тыңдарман жинаған әндердің топ-5 тізімі белгілі болды. Бұл тректер YouTube пен Spotify платформаларында жоғары қаралым көрсетіп, қазақ музыкасының басты хиттеріне айналды. Ендеше, соңғы екі жылда елді бағындырған әндерге назар аударайық.
Топ-1: Иіс – Turar
Махаббат пен сағынышқа толы бұл ән 2025 жылдың 13 ақпанында жарық көрді. Қысқа уақыт ішінде 64 миллион қаралым жинап, жылдың ең танымал трегіне айналды.
Топ-2: Aua rai – BAYANSULU
2025 жылдың тамыз айында шыққан бұл ән тыңдармандардың сүйіктісіне айналды. Әуені сергек, сөзі жеңіл әрі есте қаларлық. Қазіргі таңда қаралым саны 57 миллионға жетті.
Топ-3: Аппағым – Қуандық Рахым
Махаббат пен жылылыққа толы ән 2025 жылы жарық көрді. Бүгінде 39 миллион қаралым жинап, романтикалық хиттердің қатарына енді.
4-орын: Magan unagan – Adilet Zhaugashar & Alisher Bayniyazov
Жастар арасында кең таралған бұл ән TikTok пен Instagram желілерінде трендке айналды. Ән үзінділеріне түсірілген бейнероликтер оның танымал болуына әсер етті. Қаралым саны – 38 миллион.
5-орын: Anda-sanda – DARICORN
Көңілді әрі динамикалық трек 2025 жылдың 17 ақпанында жарық көрді. Қазіргі таңда 27 миллион қаралым жинап үлгерді.
Соңғы екі жылда шыққан бұл бес ән тыңдарман жүрегінен орын алып, әрқайсысы өз стилі мен әуені арқылы ерекшеленді. Қазақ музыкасы жаңа деңгейге көтеріліп, заманауи аудиторияның талғамына сай дамып келеді.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Абу Әселім
Алма
Ұнады