Неміс зерттеушілері оразаның адам ағзасына әсерін жан-жақты зерттеп, оны небәрі екі сөзбен «пышақсыз операция» деп сипаттаған. Олардың пікірінше, дұрыс ұсталған ораза – ағзаны табиғи жолмен тазартудың және көптеген аурулардың алдын алудың тиімді тәсілі.
Зерттеуші Жозеф Чепач ораза туралы ғылыми мақала жазу үшін бір айдан астам уақыт тәжірибе ретінде ораза ұстап көрген. Оның айтуынша, ораза тек Ислам елдерінде ғана емес, өзге мемлекеттерде де кеңінен таралуда. Бүгінде бұл тақырып көптеген ғалымдардың назарын аударып отыр. Аурудың алдын алу мақсатында науқастарға ораза ұстауды ұсынатын дәрігерлердің саны да артып келеді.

Жозеф Чепачтың келтірген деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда Германия аумағындағы 29 клиникада науқастарға ораза әдісімен ем жүргізіледі. Бұл тәсіл тек аурулардың алдын алып қана қоймай, артық салмақтан арылуға да көмектеседі.
Оразаны ғылыми тұрғыда зерттеген доктор Гельмут Лацнердің айтуынша, ораза – адам ағзасында жылдар бойы жиналған улы және зиянды қалдықтардан арылудың ең табиғи жолы. Оның пікірінше, белгілі бір уақыт тағамнан тыйылу арқылы ағза өзін-өзі қалпына келтіру процесін іске қосады.
Жозеф Чепач алғашқыда 10 күн, кейін 25 күн ораза ұстап, өз тәжірибесінің нәтижесінде мынадай қорытындыларға келген:
Ораза ұстаған адам өзін үнемі аш сезінбейді.
Ораза дене мен ойдың сезімталдығын арттырады.
Ораза адамның дене бітімін қалыпты жағдайда сақтауға ықпал етеді.
Ораза тек артық салмақтан арылу құралы емес, ол рухани және ішкі тазаруға да әсер етеді. Тамақтану адамның тәні мен рухына қатар ықпал ететіндіктен, одан белгілі бір уақыт бас тарту ой мен рухтың сергектігін арттырады.
Неміс дәрігері Отто Бачингер өзінің Шипалы ораза атты еңбегінде ауыр дертке шалдыққан кезінде ораза ұстағанын жазады. Ол бұл емді белгілі неміс маманы Густав Риедлдің бақылауымен жүргізіп, дертінен толық айыққанын баяндайды.
Доктор Бачингер мыңдаған науқасқа жүргізілген зерттеуін қорытындылай келе:
«Дене қызуын түсіруден бастап, ораза көптеген ауруларға ем. Ораза – пышақты қажет етпейтін операция», – деп тұжырым жасаған.
Неміс ғалымдарының зерттеулері оразаның адам денсаулығына тигізетін оң әсерін ғылыми тұрғыда дәлелдеуге бағытталған. Ораза – ағзаны табиғи тазарту, иммундық жүйені күшейту және рухани сергектікке жетудің тиімді жолы ретінде қарастырылады. Сондықтан ораза ұстау мәселесі бүгінде медицина саласында да өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр.
Сан түрлі дерттің шипасы — құрма
Opaзa ұстaғaндa aдaм aғзaсындa қaндaй өзгepістep бoлaды?
Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз
Жапон ғалымы Оразаның пайдасын дәлелдегені үшін Нобель сыйлығын алды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
-
- Виктор Франкл
- Фридрих Ницше
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі