ЖАРАЛЫ ГҮЛДЕР
(Сәкен Жүнісовтың қойылымынан өңделіп алынды)
Кейіпкерлер:
БАҚЫТ (Сыбызғы) – 7-сынып оқушысы
ҚАСЫМ (Пипин Короткий)
АПЛАШ (Қожанасыр)
БАЛТАШ (Кеңірдек)
БАЛШЕКЕР (Шегіртке)
ТАУРИД ЭММА ИВАНОВНА – оқытушы, 50-дің мол ішінде
БАТТАЛ – майдангер (бір көзі шыны көз)
ГҮЛСІМ – мектеп директоры
ВОЕНКОМ – Гүлсімнің ағасы
ТАУРИД КАРЛ ФЕДОРОВИЧ – Эмма Ивановнаның ұлы НЕМІС ОФИЦЕРІ
І - САХНА
(Сахнаға басын таңып алған, ескі шинель киген, ақсаңдап басқан Баттал шығып, балаларды жұмсай бастайды.)
Баттал: - Ей сыбызғы! Сыбызғы Бақыт! Қуатит! Диірменге бидай тартып болсаң, жылдам егін оруға бар. Комбайнның тісін абайла! Тағы түсірсең, жоныңнан таспа тілем! Дезертир! (Бақыт жалаң аяғына шылғауын орап, шұрқ-тесік етігін асықпай киеді) Пипин, Пипин Короткий!
Қасым: - Өз атымызбен атасаңызшы.. Баттал аға! Қасым деген атым бар.
Баттал: - Отставить! Пипин, жылдам фермаға бар. Тентек болған тоқтыны сойып, етін складқа әкел!
Қасым: - Аға, мен өмірі қой сойып көрмегем! Қорқам!
Баттал: - Вот трус! Қазірден бастап үйрен! Соғысқа барғанда немісті қалай өлтіресің!
Қасым: - Есть товарищ, Баттал аға! Там памошник будет?
Баттал: - Қойшы Бәтима көмектеседі. Иди быстро! Шагом марш! Так.... Қожанасыр, Кеңірдек, Шегіртке!
(Бақыт аяқ киімін киіп болып, балаларды жанына шақырып, құлақтарына сыбырлайды. Барлығы қуанып кетеді.)
Балшекер: - Баттал аға! Балшекер деген атым бар, қыз бала деген затым бар! Онсыз да ауыр жұмысқа жегіп жатсыздар. Тым болса есімімізді дұрыс атасаңызшы..?!
Баттал: - Отставить, болтавню! Шагом марш барлығың шөпке! Кешке дейін қырық шөмелені тасып бітіріңдер!
(Қолдарына айыр, тырма, шалғы ұстаған балалар сахнадан кетеді.)
ІІ - САХНА
Военкомат. Соғыс комиссарының кабинеті. Үстел. Биікте Сталиннің портреті. Екінші жақта – «Родина-мать зовет» дейтін плакат. Одан төменде карикатура – қолы қан-қан Гитлердің суреті.
(«По военной дороге» өлеңін айтып бір топ балалар кіреді. Қасым, Бақыт, Аплаш, Балташ, Балшекер. Ұзынды-қысқалы қолқылдаған шинель, кең гимнастерка, каска, фуражка, танкішілер шлемі. Аяқтарын теуіп, өлең айтқан балалардың алдында соғыс комиссары капитан Жанғожин военком честь беріп тұр.)
Қ а с ы м: - Айт, два! Айт, два! Стой. Налево. Жолдас капитан... бір топ болашақ жауынгерлер сіздің қарамағыңызға келіп тұр. (Бәрі қосылып.) Служим Советскому Союзу!
В о е н к о м: - Вольно! (Темекісін тұтатып.) Ал, сөйлеңдер, болашақ жауынгерлер. ( Ұсқындарына қарап сәл жымияды.)
Қ а с ы м: - Жолдас капитан! Бәріміз де өз ықтиярлығымызбен әскерге сұрана келдік.
Б а қ ы т: - Неміс басқыншыларымен соғысамыз.
В о е н к о м: - Мылтық ата білесіңдер ме?
Бәрі бірге: - Білгенде қандай. Білеміз.
Қ а с ы м: - Мен, жолдас капитан, ұшып бара жатқан үйректі көздемей атып түсіре берем.
В о е н к о м: - Жау саған үйрек емес. Мылтық ата білсең, оны алып жүре де білесің ғой?
Қ а с ы м: - Еһе, мылтық түгілі, бір қап бидайыңызды иыққа салып қайқаңдай жөнелгенде... Сіз менің күшімнен қорықпаңыз.
В о е н к о м: - Мылтықты жай көтеру бар да, Берлинге дейін жеткізу бар. Қасым: - Енді... Мылтықты орта жолда тастап, Берлинге өлең айтуға бармайтын шығармыз?!
В о е н к о м: - Тілің бар, балақай, тілің ұзын. Бірақ бойың қысқа.
Қ а с ы м: - Сіз менің бойыма қарамаңыз. Соғыс басталғалы шөгіп қалған бойды кемітіп қайтесіз. Әкеңіз, ағаларыңыз май¬данға кетіп, бар үйдің жұмысы мына мойныңызға түссе, сіз де өспей қалар едіңіз.
Балшекер: - Мұны біз Пипин Короткий дейміз.
Қ а с ы м: - Бойым аласа демесеңіз, осылардың бәрінен үлкен¬ мін. Жас деген біраз жерге келіп қалды ғой.
Военком: - Нешедесің? Нешінші сыныптасың?
Қ а с ы м: - Он алтыдан... он... сегізіңізге кеттік. (Күмілжіп.) Жетінші сыныпта. Жолдас капитан, биыл бір сыныпта үшінші жыл отырамын. Сабақ жағына кінәліміз.
В о е н к о м. Үш жыл? Оһо, жо-жоқ, жаман оқушы – жақсы солдат бола алмайды.
Қасым: - Жолдас капитан. Үш үйдің жұмысы мойнымда. Оның үстіне колхоз жұмысы. Шөп шабу, егін ору, шым ою, қыста мал жайлау, ең арты диірмен тартуға дейін менің мойнымда. Оқуды қай жерде оқимын. Ал немістерге септік жалғауы мен көбейту амалын айтуға бармайтын шығармын.
Б а қ ы т: - Жолдас капитан, мен жақсы оқимын. Мені әскерге алыңызшы.
В о е н к о м: - Сен нешедесің?
Б а қ ы т: - Он төрттемін.
В о е н к о м: - Жоқ, сен тым жассың.
Қ а с ы м: - Айттым ғой сендерді алмайды деп, жассыңдар. Мына мен болсам бір сәрі.
Б а қ ы т. Иә деген, жасқа қарамайды. Украинада бізден жас балалар соғысып жүр емес пе?
В о е н к о м: - Олар неміс қолында қалған балалар – партизан¬дар.
Б а қ ы т: - Маған партизан болса да бәрібір. Бірақ әкемді көре алмаймын ғой онда.
В о е н к о м: - Әкең қайда?
Б а қ ы т: - Соғыста. Екінші Украина майданында. Бес ай болды хат келмегелі.
В о е н к о м: - Фамилиясы кім?
Б а қ ы т: - Мәмбетов. Военком (селк етіп). Мәмбетов?
Б а қ ы т: - Білесіз... Соңғы рет командирі мақтап жазған хатты апама өзіңіз әкеп бергенсіз.
Военком: (даусы жарықшақтанып). Иә, иә, білемін. Папаң алдыңғы қатарлы солдат. Өте мақтаулы азамат. (Сөзді бұрып.) Сенің атың кім?
Б а қ ы т: - Бақыт.
А п л а ш. Мұны біз Сыбызғы дейміз. Сыбызғыны шебер тартады. Өзі де қурайдай ғой.
Балшекер. Және ақын өзі. Немістерге шығарған өлеңі де бар.
В о е н к о м. Қане, айтшы, Бақыт, өлеңіңді.
Б а қ ы т. Онша мықты емес, жолдас капитан.
В о е н к о м. Сонда да тыңдайық.
Қ а с ы м. Бақыт, слушай мой команда!
Б а қ ы т (алға шығып). Енді... (Күмілжіп.) Сіз сұраған соң,
Немістер – қанға жеріген,
Адамның етін жегіштер!
Айн, звай, драй
Болсам да мен сыбызғы – қылдай қурай,
Қолымда екі пұттық пулеметпен
Сендерді жоқ қыламын шөптей турай.
Неміс-неміс – колбаса,
Мен турайын, сен аса!
Аталар салған батырлық жолда
Айнымай біздер тұрамыз,
Отанға кірген аш қасқыр – немістерді қуамыз.
Жауыздардың бастарын жұлып,
тістерін қағамыз,
Өз жерінде – қойдай бәрін қырамыз! А
йн, звай, драй, Біздердің салтымыз солай!
Неміс-неміс – колбаса,
Мен тураймын, сен аса!
(Қолында дырау қамшы, бір көзі ақиған шыны көз, әскери киімді Баттал тұлан тұтып жетіп келеді. Балалар военкомның артына тығылады. Баттал өлең оқып тұрған Бақыттың құлағынан бас салады).
Б а т т а л (құлағын бұрап). Оһ, дезертир, менен бәрібір құтыла алмайсың. Қазір әкеңе танытайын.
Б а қ ы т. Құлағым-ай, құлағым-ай. Военком араша түседі.
Б а т т а л (қамшысын көтеріп). Қане, бәрің де алдыма түсіңдер!
В о е н к о м. Тұра тұр. Соншама не боп қалды?
Б а т т а л. Оны мыналардан неге сұрамайсың. Жұмысты тастап, осында қашып келген, қарай гөр. Күз болса мынау. Қырау түсе бастады. Егін жиналмай жатыр. Оһ, дезертирлер. Соғыста бұлай қашса, әкем болса да табан аузында, так сказать, атып тас¬ тар ем.
В о е н к о м (жұмсақ үнмен). Балалар, шынында бұларың жарамаған екен. Сендер майданға барамыз деп, жұмыстан қашып келіп тұр екенсіңдер ғой
Қ а с ы м. Егін даласы – майдан даласы емес.
Б а т т а л (ұмтылып). Көрсетейін мен саған майдан даласын! (Военком тағы арашалап, ортасына түседі.) Қарашы тілі мен жағына сүйенуін. Мұның шегедей болып майданшылына не бересің.
Б а л т а ш. Сонда немене, айыр, тырнауыш арқалап жүре бермекпіз бе. Барамыз майданға. Әкелерімізден ардақты емеспіз.
Б а т т а л. Қуатит енді!
В о е н к о м. Балалар, сендер бір нәрсені түсінбей тұрсыңдар. Мұндағы айыр, күрек те – соғыстағы мылтық. Егін даласы да – екінші майдан.
Б а т т а л. Бұларға не мәймөңке керек. Давай, алға түсіңдер. Табандарыңды тіліп тұрып, так сказать, күні-түні жұмысқа салмасам бар ғой. Көздеріңе көк шыбын үймелетем!
В о е н к о м (даусы ащырақ шығады). Жолдас ефрейтор!
Б а т т а л. Әй, маған әкіреңдеме. Сендей капитанның талайын, орысша айтқанда, видали.
Военком: - (балаларға). Жауынгерлер, в одну шеренгу становись! Смирно! (Балалар әскерге алатындай қуанысып, тез сапқа тұрады.) Равнение на середину! Балалар, сендер тылдағы жауынгерсіңдер. Сендердің ағаларың, әкелерің майданда қан кешіп жүр. Оларға жылы киім, оқ-дәрі, нан керек. Оны дайындайтын тылдағы біз. Сендер бала да болсаңдар, бар жұмысты атқаратын азаматсыңдар. Тылдағы көмек – сендердің қолдарыңда. Отан сендерге қарап отыр. Қазір сендердің оқу оқып, доп қуып жүретін кездерің. Бірақ оны уақыт көтермейді. Талай қалалар мен деревняларымыз фашистердің қолында. Жау елімізге баса-көктеп кіріп келеді. Егер олар тез шегінсін, жеңілсін десеңдер, жұмыстарыңа барыңдар. Бұйырамын. Қане, смирно! Направо! В плечо вперед, шагом марш!
Б а т т а л. Жұмыстарыңа барыңдар. Бұйырамын. Қане, смирно! Направо! В плечо вперед, шагом марш!
Б а т т а л. Запивай! (Балалардың соңдарынан ілесе береді.)
В о е н к о м. Сіз тұра тұрыңызшы. (Балалар «По военной дорогені» айтып шығып кетеді.
В о е н к о м. Сен балаларға тым қатал екенсің.
Б а т т а л. Немене, олардың аузына емізік салуым керек пе? Қазір бір дән жерде жиналмай қалса, білемісің, оның аты Отан алдында, орысша айтқанда, преступление. Қазір балаларға мәй¬мөңкелеп, үлкендерге жарамсақтанатын уақыт емес.
(Қолын бір сілтеп шығып кетеді. Артынан Военком да кетеді.)
ІІІ - САХНА
(Сахнада Бақыттың үйі. Мұңайған адамдар. Балалар үйге кіре бере тұрып қалады. Бақыт жан-жағына жалтақтап анасын іздейді. Оң жақта бетін ақпен жапқан адам жатыр. Бақыт қасына келіп тұрып қалады.
Б а қ ы т (анасының бетін баяу аша бере). Апа-а!
Г ү л с і м: (Анасын құшақтап жылап жатқан Бақыттың шашынан сипап). - Қайырын берсін! Әттең, жете алмай қалған екенбіз. Амал не?
В о е н к о м: - Жүрегі жаман екен ғой, кім білген. Өкінішті болды.
Б а қ ы т: (басын көтеріп). - Тым құрмаса бір күн қасыңда бола алмадым-ау, апа. Кеш мені. Қасыңда бола алмадым. Соңғы сөзіңді ести алмадым. Енді сен алыстасың... Енді менде ана ж-жоқ!
В о е н к о м: - Бақыт, айналайын, берік бол. Сен де енді үл¬кен азаматсың... Берік бол... Мынау... Мынау әкеңнің майданнан жіберген киімдері. (Бақыт мағынасыз қарайды.) Отан үшін қанды жорықта жанын пида еткен адамдардың өлмес ес¬керткіші. Біз мәңгі ұмытпаймыз. Отан солдаттары. Әкең партия тәрбиелеген нағыз коммунист еді... (Бақыт мәңгірген адамдай, түк түсінбей военкомның қолындағы шинельді алады.) Бақыт (шинельді жазып). Қан, кімнің қаны?! Кімнің шинелі?!
В о е н к о м: - Отан үшін, елі үшін кеңес солдаты Мәмбетов қаза тапты. Жолдастар, үнсіз тұрып, марқұмды аза тұтып, еске алайық!
Б а қ ы т: - Па-па! (Шинельді құшақтап, тізерлеп отырып қала¬ды.) Аз үнсіздік. Сыбызғыда қайғылы музыка баяу ойнап тұрады.
Б а қ ы т: (басын көтеріп). - Па-па, апа, жалғыз... Жалғыз қалдым ғой. Бір күннің ішінде жетім қалдым. Жетімекпін енді. Неге... Неге менің атымды Бақыт қойдыңдар. Неге... Неге Ба¬қытсыз қоймадыңдар. (Тағы шинельді құшақтап, анасының қасына сүйретіле барып тізерлеп отыра кетеді.Военком қолтығынанн сүйеп тұрғызып, сахнадан алып кетеді.)
ІҮ - САХНА
(Мектеп. Оқушылар сыныпта отыр. Сырттан жан ұшырып Балшекер кіреді. Сахнаға басқа жақтан Военком шығады.)
Балшекер: (үрейлі) - Ойбай, немістер келіп қалды, немістер... Екі арбамен түсіп жатыр.
Оқушылар: (абыржып). Немістер, немістер. Келіп қалды. Келіп қалды. (Бақыт атып тұрып, екінші жаққа жүгіріп, қосауыз мылтық алып шығады)
Б а қ ы т: (мылтығын көтеріп жүгіре жөнеледі). - Қолдарында өлем. Бірге ала өлем, немістер. Жауыздар! (Военком Бақыттың қолынан мылтығын тартып алады)
В о е н к о м: - Тоқта, тоқта! Жолдастар, абыржымаңдар! Бұлар өзіміздің Повольже немістері. Арасында сендердің мұғалімдерің де бар! Таурид ханым! (Сахнаға басында қауырсын қадаған ескі шляпа, самайынан ақ шашы көрінген, жеңіл пальтолы, дірілдеп тоңған елулердің мол ішіндегі әйел Таурид шығады. Жанында мектеп директоры Гүлсім Жанғожина).
Г ү л с і м: - Саламатсыздар ма, балалар! Мына менімен келген адам - Эмма Ивановна Таурид дейтін апаларың. Балалар (қосыла). Тәуір ит! (Ду күлкі.)
Б а қ ы т (тістеніп): - Неміс апа болып па!
Г ү л с і м: - Эмма Ивановна сендерге жаңадан келген мұғалима. Балалар (қосыла таңырқап). Мұғалима-а?!
Г ү л с і м: - Және сынып жетекшілерің. Орыс тілінен сабақ береді. Балалар (қосыла). Орыс тілінен? – Неміс орыс тілінен? – Баттал ағай қайда?
Т а у р и д: Сәлеметсіз бе, балалар! (Балалар үндемейді)
Гүлсім: - А, Баттал Шарықбаевич? Сендер енді сұрақты көбейте бермеңдер. Баттал ағаларың басқа жұмыста. Ал ескертемін, кімде-кім Эмма Ивановна туралы әлгіндей өрескел сөздер айтып, тілін алмады бар ғой, ертеңінде мектептен қуылады.
Қ а с ы м: - Аудан орталығында бір-ақ мектеп бар. Одан шық¬сақ, Мәскеуге барып оқимыз ба?
Военком: - Жәкібаев, тіліңді тарта сөйле! Тілің ұзын-ау, тілің!
Қ а с ы м: - Апай-ау, сонда менің тілім сиырдың тілі болғаны ма!
Гүлсім: - Жетті енді! Ал сабақ бастауыңызға болады, Эмма Ивановна, сәтті бастама болсын! (Гүлсім артқы партаға барып отырады)
Т а у р и д: - Рақмет, Гульсум Махмутовна!
Военком: - Жақсы, Гүлсім апай, Таурид ханым! Мен өзге отбасыларды жайғастыра берейін. Жұмыс қауырт. Сау болыңыздар! (Военком кетеді)
Барлығы: - Сау болыңыз!
Т а у р и д: - Балалар, жаңа директор мені таныстырды. Ал енді сендермен танысып қояйық. (Бақытқа.) Балақай, сенің фамилияң, атың кім?
Б а қ ы т (Созалаңдай тұрып): - Мәмбетов. Та¬ғы не айтайын?
Т а у р и д: - Оқытушы сұрақ қойғанда, оқушы әрқашан әдеппен жауап береді... Ата-анаң бар ма, қайда істейді?
Б а қ ы т: (айқайлап). - Әкем де жоқ, шешем де жоқ. Екеуін де немістер өлтірген... (Балалар бірінен соң бірі тұрып, өз бетімен жауап береді.)
Қ а с ы м: - Жәкібаев Қасым. Әкем де, үш ағам да майданда. Немістердің мұрнын қан жалатып жүр.
Балшекер: - Менің әкем майданнан келген. Екі аяғы жоқ, мүгедек.
А п л а ш: - Менің ағатайым майданда. Ал әкемді әскерге алған жоқ. Көксау ауруы бар...
Г ү л с і м: - Балалар, балалар! Тәртіп, тәртіп... Отырыңдар. Өріп кеткендерің не?!
Т а у р и д: (өз сұрағынан ыңғайсызданып). Қадірлі, балалар! Мен сендердің қайғы-қасіреттеріңді жақсы түсінемін! Өзімнің де жалғыз ұлым майданда, Гитлерге қарсы соғысып жүр! Менің ұлтым неміс болғанымен, СССР адамымын. Өтініш... мені басқыншы неміс армиясымен шатастырмасаңыздар екен?! Түсінемін... Өкпе-реніштеріңіз орынды! Бірақ... Жазығым не? Жазығым неміс отбасында туылғаным ба? Тіпті, неміс басқыншыларының қатарында да амалсыз соғысып жүрген адамдар өте көп! Рас айтам! Жалғыз Гитлердің ашкөздігі – бүкіл немістің ашкөздігі емес!
Қа с ы м: - Сіз де бізді кешіріңіз мұғалима! Біз расында «неміс» десе, «жауыз» деп түсінеді екенбіз!
Таурид: - Мен сендерді жақсы түсінемін балақай! Олай болса, сендерге өзімнің бар білгенімді үйретуге рұқсат етіңдер! Мен сендердің ең білімді, ақылды, Отанға нағыз пайдалы азамат болғандарыңды қалаймын!
Гүлсім: - Ал, балалар, енді оқуларың басталады.
Қ а с ы м: - Иә, қыс ішінде бастайық деп тұрмыз. Бір сыныпта қалай үш жыл отырмайсың?!
Гүлсім: - Ал, Бақыт айналайын! Сен бүгіннен бастап, интернатта тұрасың. Саған қысқы киімдер берілетін болды. Біз де мүм¬кіндігінше көмектесеміз.
Б а қ ы т: - Мен интернатқа бармаймын!
Гүлсім: - Неге, айналайын? Жалғыз қалай тұрасың? Интернат үйде тұрған балаға көмектесе алмайды.
Б а қ ы т: - Мейлі.
Гүлсім: - Қой, ол болмайды.
Қ а с ы м: - Жолдас директор! Үйді қаңыратып иесіз тастап кету қазақ ырымына жаман.
Гүлсім: - Ә, солай ма? Ендеше, мен сендерге оның оңай жолын айтайын. Міне, мына Эмма ханым үй таба алмай жүр.
Б а қ ы т: - Неміс пе? Пәрселенге үй бергенше, өртеп жібергенім жақсы емес пе.
Гүлсім: - Айналайын-ау... Енді...
Б а қ ы т: - Сонда менің әкемнің түтінін неміс түтетіп отырмақ па?
Гүлсім: - Қой, ол қазақшылық болар.
Б а қ ы т: - Әкемді неміс өлтіреді, мен оған үй беремін.
Гүлсім: - Ол Германияның немісі, бұл өзіміздікі... Тоқтатыңдар! Ұяттарың қайда? Шешелеріңдей адам емес пе... Бақыт, интернатқа шықпасаң да, мына кісі үйіңде тұрсын. Саған да жалғызсырамауыңа жақсы.
Б а қ ы т (ащы айқайлап): - Сіз не айтып тұрсыз өзі?! Ендігі жетпегені төрімде немісті талтаңдатып қою екен ғой? Иесіз үйді басынғыңыз келді ме!
Қ а с ы м: - Одан да әлгі сайтандардың талтаңдап жүргені ар¬тық емес пе?
Б а қ ы т: - Әй, қойшы.
Таурид: - Гульсум Махмутовна! Үй табылар, уайымдамаңыз... Қазір сабағымызды бастайық?! Оқушылар, сіздер орысша өлең білесіздер ме?
Қасым: - Мен шықсам бола ма Тәуір ит ханым!
Таурид: - Эмма Ивановна! Менің есімім - Эмма балалар!
Қасым: - Эмма Ибанобна! Мен шығайын!
(Оқушылар түгел қол көтереді. Таурид Балшекерді тақтаға шығарады.)
Таурид: - Сен шыға ғойшы.. Білген өлеңіңді тақтаға жазып шық!
(Балшекер қуана жүгіріп шығып, өлеңді жаза бастайды. Өзге оқушылар жатқа айтып отырады.)
По военной дороге Шалбарбек
Етрибоги боевой восемнадцатый год.
Был с гор и на долги от кубас,
И на долги ни коней понимас нам пахот.
(Балшекер риза болған кейіппен, өлеңді жазып болып, мұғалімге қарайды.)
Таурид (тақтаға қарап): - Балалар қараңдаршы? Қатесі бар ма? Кім табады?
Аплаш: - Бір қатесі жоқ.
Қ а с ы м: - Вот тебе на! Біздің Баттал ағайдың үйреткенінде мін бола ма? Орысшаға судай Батекең біле ме, сен білесің бе?
Т а у р и д: - Балалар сендер сөзін дұрыс үйренбеген екенсіңдер. Қане талдап көрейікші. Сен, балақай, атың кім, айтшы. Мына Шалбарбек деген не сөз?
Б а л т а ш: - Шалбарбек... Шалбарбек. Ол, ол енді... Кісінің аты. Шұлғаубек, Сырғабек, Жалаубек сияқты...
Қ а с ы м: - Оттапсың... Мен айтайын. Ол шалбар... енді, былайша айтқанда, дамбал, штан деген сөз.
Т а у р и д: - Ал, мына Кубас, понимас деген не сөз?
Қ а с ы м: - Кубас деген, енді... Кубас – Қубас, бұл немістердің қу басы.
Г ү л с і м: - Жәкібаев!
(Таурид тақтадағы өлеңнің қателерін түзей бастайды).
Қ а с ы м (директорға бұрылып): - Гүлсім апай-ау, мен біл¬генімді айтып тұрмын, ойдан шығарады деймісіз. Өзіңіз желкемізден отырып алып...
А п л а ш (тақтаға қарап): - Мәс-сағ-а-ан, қатесі қалай көп ей!
Б а л т а ш: - Әй, мына немісің орысшаға судай ғой!
Қ а с ы м: - Біздің Батекеңнің орысшасы әшейін шатекең болып шықпаса игі етті.
(Таурид өлеңнің әр жолының үстінен басып сызып, дұрыс нұсқасын жазып шығады.)
По военной дороге шел в борьбе,
И тревоге боевой восемнадцатый год.
Были сборы не долги,
От Кубани до Волги Мы коней поднимали в поход...
(Осы кезде сахнаға баса-көктеп Балташ шығады)
Та у р и д: - Сіз біреуді іздеп жүрмісіз? Мұнда сабақ жүріп жатыр.
Б а т т а л: - Маған ешкімнің керегі жоқ. Жай әшейін сенің сабағыңды тыңдай келдім.
Т а у р и д: - Сізбен үзіліс кезінде сөйлесейік. Әзірше сабаққа бөгет жасамасаңыз екен. Мұнда бөтен адамға рұқсатсыз кіруге болмайды.
Б а т т а л: - Мен бе бөтен адам? Сонда менің шығып тұруым керек болды ғой. Вот тебе на! Менің кім екенімді білесің бе өзің?
Таурид: - Бұл арада сізді білу-білмеудің қандай қатысы бар? Сабақтан кейін танысайық?!
Б а т т а л: - Ә, әлі танымайды екенсің ғой. Мен Батталмын. Комендантпын. Балалар (күбірлесіп): - Комендант...
– Немістердің коменданты.
– Коменда-ант. Прселендердің бастығы.
Қ а с ы м: - Батеке, сіздің атыңыз енді Батекең емес, Шалбарбек болды.
Баттал: - Шалбарбек? Қайдағы Шалбарбек?
Б а л т а ш: - Ана тақтаға қараңыз.
(Баттал тақтаға қарап, жақындайды.)
Б а т т а л: - Ә-ә, мына келгінбай енді мені де мазақ еткісі кел¬ ген екен... (Бұйрықпен.) Переселенка Таурид, қазір тура менің соңымнан ілес. Сенімен кеңседе сөйлесемін.
Г ү л с і м (орнынан тұрып): Сабақ бітпей ешқайда бармайды.
Б а т т а л: - Ә, директор жолдас, сен де осында екенсің ғой. Жәр-р-әйді, жәр-р-әйді. (Тауридке қарап.) Сабағыңды таста. Ер соңымнан.
Г ү л с і м: - Ешқайда бармайды.
Б а т т а л: - Мен комендантпын. Немістердің билігі – менің қолымда.
Г ү л с і м: - Мен директормын. Мектеп билігі – менің қолымда. Эмма Ивановна, сабағыңызды жүргізе беріңіз. Үзіліс кезінде маған жолығып кетерсіз.
Б а т т а л: - Ісім сендермен болсын! (Шыға береді.)
Қ а с ы м: - Батеке, біздің құлағымыздың тамырын үзіп болдыңыз, енді мыналардың құлағын бір бұраңызшы.
Т а у р и д: - Балалар, тақтаға қараңдар...
(Қоңырау соғылып, балалар да үзіліске кетеді. Сахнада Таурид, Гүлсім, Баттал үшеуі қалады)
(жалғасын алу үшін 87051494122 номеріне, уатсап чатқа жазыңыз)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
-
- Виктор Франкл
- Фридрих Ницше
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі