Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік - тұғырым!

Тәуелсіздік! Еркіндікті бағалайтын мына дүниеде бұдан асқан асыл сөз бар ма екен! Жоқ. Бабаларымыз аңсаған бұл тәуелсіздіктің қадірін біз түсінуіміз қажет. Осы мақсатта Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің  № 8 «Теремок» бөбектер бақшасында қызықты шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шараны бастамас бұрын балабақша  тәрбиешілері  ата- аналарды, әріптестерді, балаларды осы атаулы мерекемен құттықтап, Желтоқсан оқиғасының тарихын баяндап, өздерінің  ізгі тілектерін білдірді. Ән-күй мұғалімі Сусленкова Л.В мен тәрбиешілер  ұйымдастырған ұлы мерекеге арналған концерттік бағдарламасы жалғасын тапты. «Любознайка», «Балауса», «Күншуақ» топтарынан Антон,Варя, Мерей, Денис, Аделя,Алдияр, Митя, Аселя, Милена,Максим,Айша, Миша,Захар,Аңсар, Данияр  қазақ «Күншуақ» тобынан Жәния, Али Мәди,Ерасыл  сынды  балалары  өлең  шумақтарын  арнаса, барлық балалар «Қазақстан жалауы»атты әнін орындады.Әрі қарай көрініс қойылып,денешынықтыру пәнінің мұғалімі Шайжанова А.Е батыр рөлін сомдап, балалармен « Киіз үйді  кім тез жинайды»,  «Кім мықты», «Қыз қуу» ойындарын жүргізіп, балаларды бір қуантып, көрермендердің көңілінен шықты.  Қыздар мен ұлдар қазақ биін билеп, балалар арасында «Өз Рәміздерімізді білеміз бе?» атты сұрақ – жауап ұйымдастырылса, ата- аналармен де Отан жайлы мақал – мәтелдерді жалғастыру ойыны жүргізілді. Қуанышымызға орай, балалар белсенді қатысып, «Балабақша бағында» әнімен аяқтады.

Қазақ тілі мұғалімі  Д.Б Құматова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз