Тойда, ойын-сауықта, қонақкәде сұрағанда, көбінесе алыстан келгендер: «Ауылдың алты ауызы» болмайтын бе еді? Әуелі өздеріңіз бастаңыздар», - деп қалатын әдеті бар. Демек, бұл – жол ауылдікі, өнер, өлең ауылдан басталсын деген сөз. Сөйтіп, өлең ауыл өнерпаздарынан басталады. Ауылдың алты ауызы дегеніміз осы. Бұл өлең табан астында суырып салып айтылған өлең немесе бұрыннан таныс өлең, жырлар да болуы мүмкін. Мұның ән, әуені де әр түрлі болады. Ол елден-елге тарала береді. Ауылдың алты ауызы өнерді дамытуға, әнші, домбырашылардың талантын көрсетуге зор қызмет еткен. Дала өнерін дамытқан, өрістеткен. Жастарды өнерпаздыққа баулыған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі