Бітім — Салт-дәстүр бөліміндегі материал.
Материал — бітім, ұрыс, дау, заң — осы тақырыптарға байланысты.
Бітім салты – халық арасында маңызы зор, өте қиын әрі күрделі іс. Бұл – хан, би, ақсақалдардың араласуымен бітетін елдік шаруа, өйткені оның бүгінгі ғана емес, алдағы бірнеше жылдық, тіпті ғасырларға ұласатын әлеуметтік, елдік қызметі мен жолы бар.

Ерте замандарда еларалық жаугершілік, соғыс, ұрыс, жер дауы, жесір дауы, құн дауы сияқты ел, ер намысына тиетін ірі қақтығыстар мен ұрыс-жанжалдар болып тұрған. Ол қарулы қақтығыс, ірі барымталарға ұласып, ел-жұрт тыныштығы бұзылып, елден бірлік пен ынтымақ қашқан. Мұндайда кектескен, өштескен, есесі кеткен ел жиі шабуылға шығып, оның соңы кісі өліміне дейін ұласқан. Міне, осындайда екі елді бітістіретін, келісімге шақыратын «Бітім» тәртіптік заңын қолданған. Мұндай «ара ағайындыққа» сөзі өтімді, беделді ел ағалары мен батырлар, би, шешендер жүрген. Олар екі елдің де уәжін тыңдап, қиын жерде жол, уәжді жерде сөз тауып, бірлікке, бітімге шақыра білген. Кеткен есе, шыққан шығын, кісі құны қайтарылған. Мұндай бітім соңы басы ақ үй аманат пен сый-сыяпатқа, қыз алысып, қыз беріскен құдалыққа, төс түйістіріп, достыққа жалғасқан. Бұл бітімді екі елдің ақсақалдары берік сақтап, ескі дау-жанжалдарды қоздырмаудың, еске алмаудың жөн-жосығын, жолын тауып отыруды міндетіне алған.
Бұл бетте Бітім тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Салт-дәстүр бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Бітім материалы Салт-дәстүр бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі