Дәм татыру

Басты бет / Салт-дәстүр – қазақтың ұлттық мұрасы / Дәм татыру

Дәм татыру — Салт-дәстүр – қазақтың ұлттық мұрасы бөліміндегі материал.

Материал — Дәм татыру, дәм, салт — осы тақырыптарға байланысты.

Қазақтар асты дәм деп атайды. Халық арасында біреуді еске алғанда: «Дәмдес болып едік. Үйінен дәм татып едік», - деп, ренжігенде, өкпелегенде: «Дәм-тұзым атсын! Дәм-тұзыма салдым», - деп айтқан сөздерінің ұлт ұғымында өзіндік орны бар. Өйткені әр қазақ өздерінің жақындары мен туыс-жекжатттарына ғана емес, ел сыйлаған құрметті азаматтарына, қадірлі ақсақалдарына, аналарына өз үйінен дәм татыруды үлкен мұрат, парыз деп санаған. Ол жолдан күні бүгінге дейін танған жоқ. Тек таныстар емес, үйге келген кез-келген жолаушы, бейтаныс кісіге де дәм татырмай жібермеген, себебі ұлт ұғымында дәмде кие, қадір-қасиет, ырыс, береке-бірлік, тірлік бар деген терең түсінік тым ертеден-ақ қалыптасқан.

Дәм татырудың қоғамдық, әлеуметтік істерде маңызы зор болған. Ең алдымен, әдейі шақырып, дастарқанынан дәм татыру – ата салт, қазақы әдеп, жол жоралғы. Екіншіден, ол – сыйлаудың, құрметтеудің, көңіл білдірудің айғағы. Үшіншіден, қай жерде болмасын, қай уақытта болмасын, сыйлас, қамқор, тілектес бола жүрудің кілті. Ел дәстүрі бойынша дәмдес болған адамдар бір-біріне қиянат жасамайды, жоғалғанын іздеседі, табысына қуанып, қайғысына ортақтасады.

Бұл – ғасырлар бойы санаға сіңген салиқалы салт. Демек, дәм татыру, дәм тату – адамгершілік, достық, бірлік белгісі. Бұл жақсы үрдіс халықпен бірге жасайды.

 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәм татыру деген не?

Бұл бетте Дәм татыру тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Салт-дәстүр – қазақтың ұлттық мұрасы бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Дәм татыру материалы Салт-дәстүр – қазақтың ұлттық мұрасы бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Салт-дәстүр – қазақтың ұлттық мұрасы бөліміндегі басқа материалдар Дәм татыру тақырыбындағы материалдар дәм тақырыбындағы материалдар салт тақырыбындағы материалдар