Өлең, жыр, ақындар

Apple компаниясы көктемде арзан iPhone 5se смартфонын шығарады

Биыл наурызда америкалық Apple компаниясы өз тұтынушыларын қуантып, соңғы әзірлемесін таныстырады. Күзде атақты   iPhone 5s смартфонының арзан (бюджеттік) үлгісі шығарылып, оған iPhone 5se атауы беріледі. Смартфон сәуірден бастап сатылымға түседі.

Жаңа гаджеттің сыртқы бейнесі iPhone 5s-ке  ұқсас болады. Ал техникалық сипаттамасы бойынша iPhone 6-ға ұқсайды. Бұл ретте, жаңартылған iPhone 5s үлгісі сатып алушыларға классикалық қара, күміс, алтын, қызғылт түстес түрлерде ұсынылатыны хабарланады.

Смартфонның сыртқы келбетінің iPhone5s-тен аса айырмашылығы жоқ екені атап өтіледі. Тек ерекшелігі, смартфон экраны төрт дюмды, ал корпус нысаны компанияның алдыңғы флагмандарынан өзгешелігі болмайды. Жаңа гаджет 8 мегапиксельді негізгі, 1,2 мегапиксельді фронтальды камерамен жарақталған.

iPhone 5se смартфонының құны әзірге айтылмады. Ол көктемде өтетін таныстырылым  сәтінде белгілі болуы мүмкін, деп жазады шетелдік БАҚ.

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар