Өлең, жыр, ақындар

Коносуке Мацуситаның өмірі мен жетістікке жету тарихы

Panasonic, National және Technics брендтерімен танымал Мацусита Электрик жапон фирмасының негізін қалаушы, аты аңызға айналған Консуке Мацусита өз дәуірінің ең озық кәсіпкері, бизнес-лидері және инноваторы ретінде мысал бола алады.

Panasonic бренді

Коносуке Мацусита мектепті тастап, 9 жасынан жұмыс істеуге мәжбүр болған. Алты жыл бойы ол велосипед шеберханасында көмекші шебер болып жұмыс істеген, кейін Osaka Electric Light Company-ға ауысады. Коносуке Мацусита компания өнімдерінің кемшіліктерін іздеп, жөндеуге тырысатын.

22 жасында ол жаңа құрылымдағы әдемі штепсель айырын жасап шығарады. Бастығы оның кезекті өнертабысын қабылдамағаннан кейін Коносуке Мацусита компаниядан кетуді ұйғарады. Ол өзінің бизнесін бастап, инновациялық электропатрондар шығаруды бастайды.

Бизнесті дамытуға бастапқы жарнасы бар-жоғы 100 йенге тең болатын. Мацусита Электрик компаниясының аңызға айналған тарихы 1917 жылы осылай бастау алады. Кейін Коносуке Мацусита сегіз зауыттың иегері атанады, ал өнімдері Panasonic атты маркамен шыға бастайды.

Өз бизнесін былайша айтқанда нөлден бастаған ол, өмірінің соңына дейін өзін 3 миллиард доллар қаражатпен қамсыздандырады, ал өзі негізін салған Matsushita Electric Industrial Ltd компаниясының қаражаты 42 миллиард долларға жетеді. Зейнет жасында Коносуке Мацусита ең бай жапон бизнесмені ғана емес, әлемді мойындатқан компания құра алған ең құрметті бизнес-лидер, аңыз адам болды.

Ол менеджмент шеберлігі жайлы көптеген мақала, кітап жазды. Миллиардер болса да Коносуке түскен пайдасына қорлар мен бизнес-мектептер ашты. Ол сонымен қатар Жапонияның саяси жүйесін жақсартқысы келді, сол себепті ондаған қоғамдық жобаларда жұмыс істеді.
Ол ұсынатын бизнес-ережелердің бірі: қалыптасқан нарыққа еніп кету үшін барлығын 30%-ға жақсырақ және 30% арзанырақ жасау керек.

Маtsusita Electric компаниясы ешқашан жаңа өнім шығармаған. Ол нарықта үлкен сұранысқа ие тауарларды жақсартуға және арзандатуға тырысатын. Оның стратегиясы тұтынушылардың қажеттілігін мұқият ескеру мен өткізудің жаңа технологиясын іздеуге негізделген.

Көптеген әлсіз сатушылар мен кәсіпкерлер тауарларының суық қабылданғанына қатты қынжылады. Нағыз кәсіпкер ешқашан «жоқты» жеңіліс деп қарастырмайды. Ол үшін әрбір «жоқ» сатудың бұл әдісі жұмыс істемейтінін және басқа әдісін іздеу керектігін білдіреді.

Дәл осылай жас кәсіпкер Коносуке Мацусита, жаңа өнім жасаған соң маркетингтің дәстүрлі әдістерінен бас тартты, себебі оның жағдайында мұның бәрі жұмыс істемеді. Ол маркетингке шығармашылық жағынан қарап, өз өнімдерін сатудың инновациялық, жаңа және табысты үлгісін жасап шығарды. 

1922 жылы меңгерігінде фонаригі бар велосипедтер сатыла бастады. Ацетиленді фонарьлар қымбат болатын және әрдайым үстіне құйып отыруды қажет етті. Электробатареялар бар-жоғы 2-3 сағатқа шыдайтын. 
Мацусита бұдан өз бизнесіне көмектесетін жаңа мүмкіндік көреді, осылайша 3-4 ай тәжірибеден кейін қуаты 30-50 сағатқа дейін жететін жаңа бөлшекті жасап шығарады. 
Ол жаңа өнім жақсы өтетініне сенімді болған. Алайда электр құрылғыларды сататын саудагерлер оның инновациялық батареясын қуана қабылдамайды. Олар мұны сатылмайды деп ойлайды. 
Сонда Мацусита сол кездері ерекше болып көрінген өткізу жүйесін жасайды: велосипед дилерлері арқылы. Велосипед сататын дүкендер оның жаңа өнімін лайықты бағалайды деп үміттенеді. Бірақ онда да батареялы фонарьларды лажсыздан алады. 
Алайда Мацусита өзінің ерекше бұйым жасап шыққанына сеніммен қарап, оны әрі қарай шығарудан бас тартпайды. Оның фирмасы ағымдағы барлық қаржылық шығындарды қысқартып, түскен пайданың бәрін осы батареяны нарыққа шығаруға құйылады. 
Ең алдымен ол өткізуге үш маманды жұмысқа алады. Олар Осакадағы велосипед сататын барлық дүкендерді аралап шығады. 

Мацусита сатушыларға ыңғайлы шартпен өткізеді: батареяларды алдын-ала төлемсіз сатады. Мұндай жүйе ол кездері жаңа еді. Сатушылар ештеңеден ұтылмайтын болғандықтан бұған келіседі. Дүкендеріне жанып тұрған лампа қойылады, жанында өнімнің бірнеше түрі көрсетіледі. Көп ұзамай дүкен иелері бұл өнімнің жақсы өтіп жатқанын байқайды. 

Panasonic фирмасының негізін қалаушы кез келген өнеркәсіптің құны оның адами факторына тең екенін ұғады. Адами фактор лайықты түрде жұмылдырылмаған және бағытталмаған жағдайда кез келген ұйым құлдырайды. 

Жапон ұлттық дінінде жапондарды жалпыұлттық қызығушылық пен өркендеуге қатысы барын ұғындыратын идеялар бар. 
Өз отандастарының осы ұлттық көзқарастары мен жапон менеджментінің ерекшеліктерін пайдалана отырып, Коносуке Мацусита компаниясының қызметкерлеріне арнайы тәрбиелік жүйе жасап шығарады. Бұл жүйенің мазмұны фирманың өркендеуі мен әр қызметкердің өркендеуі -  жалпы ұлттың өркендеуіне әкеледі дегенге саяды. Бұл идея фирмалық гимнге айналып, жұмыс күнін бастамас бұрын фирманың жүздеген қызметкері аңқытып орындайтын болған. 

1929 жылы Нью-Йоркте биржа құлдырайды. Нәтижесінде басталған ұлы тоқырау көп ұзамай Жапонияға да жетеді. Қызметкерлерді жаппай қысқарту орын алады. 
Сонда Коносуке Мацусита күтпеген шешім қабылдайды: “Біз ешкімді қысқартпаймыз! Ешкімнің ақшасын кеспейміз! Енді әрқайсымыз – бір бүтін екенімізді түсінуіміз керек, және бизнес – бұл ең маңыздысы емес! Өнімдеріміз нарықта табысқа жетуі үшін әрқайсымыз бар күшімізді салуымыз керек ”.
Компания өндірістік шығындарын қысқартады, және біраз уақыт жұмыстары бұрынғыдай жақсы жүреді. Алайда кейін сатылымдары жартылай қысқарады.

Бірақ Мацусита нарық талаптары мен көптің пікіріне қарсы әрекет етеді: “Өнідірісті дереу жартыға қысқартамыз, дәл бүгіннен бастап, бірақ ешкімді жұмыстан шығармаймыз, - дейді ол. – Жұмыстан шыққан қызметкерлердің есебінен емес, қысқартылған жұмыс күндерінің есебінен өндірісті қысқартамыз. Олар жұмысы үшін бұрынғыдай жалақы алатын болады. Алайда барлық мерекелік күндер алынады. Қоймада жатқан артық тауаларды қызметкерлердің өзіне сатуына тапсырамыз”.
Жұмысшылар мен қызметкерлер асыр салады. Олар Мацуситаны пір тұтады. Енді әрқайсы күніне бірнеше сағатын өз фирмасының өнімдерін сатуға арнайды. Өндіріс екі есеге қысқарғандықтан, көп ұзамай қоймадағы бар тауар сатылады. 
Бәсекелестері жаппай қысқарту жүргізіп, саудалары жүрмей жатқанда Matsushita Electric барлық қызметкерлерін сақтап қалып, тіпті өз өнімдерін диверсификациялауға көшеді. Енді олар радиотауарларын шығаруға кіріседі.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Жәнібек

Біздің ҚАЗАҚТАРДАН да әлемге танымал, өз жұртына пайдалы, мықты адамдар шықса екен!

Алма

Жапондар мықты халық!!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер