Өлең, жыр, ақындар

Швейцарияда барлығы ай сайын 2 250 еуро алатын болады.

Швейцарияда барлығы ай сайын 2 250 еуро алатын болады. Жұмыс істемей-ақ.

Швейцарияда барлық тұрғынға жұмыс істей ме, жоқ па, оған қарамай 2500 швейцар франкын (немесе 2250 еуро) ай сайын беріп отыру ұсынылды. Ал балаларға 625 франктан үлестіріледі екен. Осы мәселе бойынша дауыс беру өткізіледі, осылайша Швейцария әлемде тұрақты табыс бекітілген бірінші ел болуы мүмкін. Әзірше осы мәселені көтеріп отырған жалғыз осы ел ғана. 

Бұл ұсынысты жасаған экономистер тобы адамдар кепілдендірілген табысқа қарамастан жұмысын жалғастыра береді деп есептейді. Халық арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы да осылай дейді. Халықтың 2 пайызы ғана жұмыстан шығып кететінін айтыпты, ал 8 пайызы жағдайға қарай отырып, жұмыс істемейтінін мойындапты.

Дауыс беру биыл маусым айында өтеді.

Бұл идеяны іске асыратын болса мемлекет жыл сайын 208 миллиард франк қаражатты шығындайды. Оның 150 миллиардын салықтардан, ал қалған сомасын әлеуметтік сақтандыру қорларынан алу жоспарланған.

Ал әзірше, 1076 адамнан алынған сауалнама қорытындысында үштен бір бөлігі ұсыныс күшіне енген сәтте жұмыстан кететінін айтыпты. Сонымен бірге, сауалнамаға қатысқандардың 56 пайызы мұндай заң шығады дегенге сене алмайтындарын жасырмады.

Дереккөз: independent


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Санат

Жүгі жеңіл ешек жатаған болады )) Біздің елге келмейді ау бұлай. 21-ге толмаған балаларға айына 25-30 мыңнан бөліп тұрса да жақсы болар еді

Марат

Біздің елде бола қоймас ))) Бірақ болса менің арманым орындалар еді, жұмысымды қоятұрып 1 немесе 2 қосымша мамандыққа оқып алар едім.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар