Өлеңдер бөлімі

Xiaomi Mi5: 2016 жылдың ең үздік смартфоны болар

Xiaomi жаңа Mi5 флагманын ұсынды да, басқа смартфондардың жарнамасын бір сермеп жоқ қылды. Қазіргі таңда мүмкіндігі мол, сапасы жақсы, бағасы арзан смартфон осы болып отыр.

Барселонада өткен MWC 2016 көрмесінде Xiaomi жаңа флагман өнімін — көптен күтілген Xiaomi Mi5 смартфонын таныстырды. Осы жолы компания LG менSamsung-тың алдын орап кеткенімен қоймай, өз-өзінен де артық түскен сияқты. Сапасы мен бағасы қатынасы жөнінен – өнімділігі мен құрастыру сапасын айтар болсақ - Mi5-ке бәсекелес болар смартфон әлі жоқ, жақын арада пайда бола қоюы да екіталай.

Жаңа смартфонның 5,15-дюйм және жарқындығы 600 нит Full HD дипслейі бар. Мұндай диагональ 5.5 дюймға қарағанда ыңғайлырақ екенін айта кету керек. Экраны олеофоб жабынды әйнекпен қорғалған. Ең жағымды жаңалық - Mi5-те Adreno 530 графикалық шапшаңдатқышы бар ең жаңа Snapdragon 820 процессоры (1,8 және 2,15 ГГц жиілікті нұсқалары бар) қолданылған: бұл кристалл «тас» алдыңғыда 810 нөмірлі шешімге қарағанда 100% шапшаңырақ.

Сонымен қатар, жаңа смартфонда LPDDR4 жад орнатылған, бұл смартфондарда бұрын қолданылып келген LPDDR3 қарағанда жад өнімділігін 100% арттырады. Қазір Xiaomi Mi5 смартфонының үш нұсқасы шықты деп жарияланды. Базалық нұсқа 3 ГБ жедел және 32 ГБ  тұрақты жадпен жабдықталған, орта бағадағысындағы – сәйкесінше — 4 ГБ және 64 ГБ. Озық үлгісінде 4 ГБ және 128 ГБ жад орнатылған. Айтқандай, мұндағы флэш-жад та қалыптан тыс: жаңа Xiaomiсмартфонында деректер жеткізу жылдамдығы 450 МБ/с UFS 2.0 модульдер пайдаланылған. Жаңа стандарт смартфондардың көпшілігінде қолданылатын eMMC 5.0 стандартынан 87% шапшаңырақ.

Жаңа құрылғының ішкі құрылысының мықтылығы қазіргі қолданыстағы кез келген смартфонмен бәстесе алады. Мысалы, Mi5 негізгі камерасы фазалық автофокусы және суретті тұрақтандырғышы бар  16-мегапиксельді Sony IMX298 модулімен жасақталған. Алдыңғы камерада 4-мегапиксельді модуль қолданылған. 3 000 мА·с есептелген аккумуляторы  Quick Charge 3.0 жылдам қуаттану технологиясына сәйкес келеді.

Дизайн және қолдану ыңғайлылығы жағынан да Xiaomi алда келеді: аппараттың «Басты экранға» қайту батырмасына саусақ таңбасын сканерлейтін құрылғы орнатылған. Смартфонның алды да, арты да әйнекпен қорғалған. Қаңқасы металдан жасалған. Көз үйренген  microUSB орнына жаңа құрылғының негізгі әрі жалғыз сымды интерфейсі – USB Type-C порты.Қазір танымалдығы азайған, сонда да қажеттілігі кемімеген NFC-модуль де орнатылған. Ал сымсыз интерфейстер толық құрамда кіріктірілген: смартфон деректер жеткізу жылдамдығы 600 Мбит/с жететін 4G LTE-A жаңа стандартын және VoLTE дауыс телефониясын қолдайды. 

Компания смартфонды үш түрлі түсте шығаруды жоспарлап отыр: ақ, қара және алтын түстес. Алтын түстес нұсқасының артқы қақпағында эксклюзив текстура болады. Xiaomi Mi5 өлшемдері өте ыңғайлы: 144,55 × 69,2 × 7,25 мм (қалыптан тыс экран диагоналі де осы үшін жасалған), ал салмағы бар-жоғы 129 грамм. Өндірушінің деректеріне сүйенсек, осы керемет Antutu-да 140 мың тотықұс жинап, нарықта сөзсіз көш бастар келеді.

Осы көрсеткіштеріне шаққанда, гаджеттің бағасы күлкілі көрінеді (шын мәнінде тым жақсы баға). Процессор жиілігі 1,8 ГГц, жедел жады 3 ГБ, ал тұрақты жады 32 ГБ нұсқасы Қытай нарығында 300 доллар тұрады. Оған қарағанда қуаттырақ, жедел жады дәл сондай, ал процессор жиілігі 2,15 ГГцжәне тұрақты жады 64 ГБ нұсқасы 50 долларға қымбатырақ. Артқы қақпағы керамикадан жасалған, жиілігі 2,15 ГГц, жедел жады 4 ГБ дейін ұлғайтылған, ішкі дерек сақтағышы 128 ГБ озық нұсқасының бағасы – шамамен 415 доллар.

Мұндай нәтижемен жаңа смартфон эталон iPhone 6-мен бәсекелесе алады. Әйтеуір, Antutu тестері, бағасы және камерасына жүргізілген тесттер Қытайда шыққан смартфонның бар жағынан басым түсетінін көрсетіп отыр. Xiaomi өз елінен шыққан бәсекелесі — Meizu Pro5 смартфонын да — тесттер бойынша да, ішкі құрылысы бойынша да (ең алдымен, камерасының оптикалық тұрақтандырғышымен және недәуір қуатты процессорымен) басып озды.

Samsung S7 және LG жаңа флагманымен салыстыруды бұл мақаладан тыс қалдырғымыз келеді. Оқырмандардың да пікірін тыңдасақ дейміз. Қайсы жеңеді деп ойлайсыздар?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Азамат

Маа шынындада зор телефон сиякты, бирак видиодан корсеткен нарсе,- кыймылдатса камера айфонда кыймылдайды, ал хиомада кыймылдамайд. Оны калай тусунуге болады?

Самат

Xiaomi жаңа Mi5-тің камерасының фазалық автофокусы және суретті тұрақтандырғышының мықтылығы көрсетілген болу керек.

Ратбек

Сөз жоқ, керемет смартфон! Меніңше, мұнымен таласа алатын iPhone 7 (plus) және жақында ғана таныстырылымы өткен OnePlus One 3. Иә, осылар ғана...

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...