Өлең, жыр, ақындар

ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ-на президент тағайындалды

ҚР БҒМ Ғылым комитеті бұйрығымен Әнуарбек Сұлтанғазин Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым қоры» АҚ президенті болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Әнуарбек Жәлелұлы 1956 жылдың 20 қарашасында дүниеге келген. Экономика мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, доцент.

Ә.Сұлтанғазин еңбек жолын ҚарМУ-дың комсомол комитетінде бастаған. 1990-шы жылдары ол Қарағанды әкішілігі басшысының орынбасары қызметінде, содан кейінгі жылдары Қарағанды облыстық қаржы басқармасын, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Ақмола облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігінің қаржы жүйесі қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және қызметкерлермен жұмыс департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

2000-2001 жылдары ол ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі төрағасының орынбасары болды. 2001 жылдан бастап республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі болды. 2006 ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы болды.

2007 жылдың қазан айында ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы лауазымына тағайындалып, 2008 жылдың қыркүйегінен заместитель председателя правления АО «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауысты. 2010-2012 жылдары ол «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2012-2013 жылдары -АО «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2013-2014 ж.ж. Ә.Сұлтанғазин «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» аутсорсинг секторының сараптамалық тобының қызметін басқарды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ аппарат басшысы, кейін - «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

«Құрмет» орденімен наградталған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар