Сабақ басы
Тілашар тойынан кейін бала сабаққа, яғни медресеге, барған. Әр ата-ана молдаға өз балаларын аманат етіп тапсырған: «Молдеке, баламның сүйегі менікі, еті сенікі».
Бұл - білім, тәрбие алу жолында қандай ауырлық жұмыс болса да, істет, үйрет деген сөз. «Сабақ басы» деп, молдаға теңге, мал ұсынған. Шындығында, ол кезде молданың тәртібі қатаң болған. Ол дүре соғуға да, басқа да жаза қолдануға ерікті. Ондайда жазаланған баласы үшін молдаға ешқандай өкпе, реніш білдірмеген. Керісінше, әр ата-ана баласынан молданың (ұстаздың) талабын сөзсіз орындауды, оған бағынуды талап еткен.
Өткен ғасырларда билігі бар кісілер өз ауылдарында бір-бір молда немесе сауатты адамдар ұстап, балаларын оқытқан. Олар кезінде араб тілін, дінтану, сонымен бірге есеп, тілтану, география тағы басқа пәндерді де оқытып, қазақ балаларының сауатын ашқан. Ондай оқуларды тіл сындыру деп те атаған.
Ауқатты адамдар жеке мектептер ашқан. Сондай мектеп ашқаны үшін Науан хазірет (Наурызбай Таласов), Бейіс молда, Шәймерден Қосшығұлов (ол 1906 жылы Ресей Мемлекеттік Думасына депутат болған), тағы басқа адамдарды патша өкіметі қуғынға ұшыратқан. Ондағы мақсатты бағынышты халықтарды қараңғылықта, түнекте, білімсіздікте ұстау болатын.
Внимание! Перепечатка материалов (включая фото, видео и аудиоматериалы), размещенных на сайте
http://top-news.kz, разрешена только по соглашению с редакцией "НК". Без соглашения допускается только цитирование материалов с гиперссылкой (названием статьи в виде активной ссылки на адрес материала на сайте
http://top-news.kz/index.php?np=00013550&nl=1&tp=N&npN=00013550&sR=44899971&npMWp=---&npAWp=&npWp=1&npKd=80616211).
E-mail:
gazeta@top-news.kz; Телефон:
8 (7142) 54-62-46.
Тілашар тойынан кейін бала сабаққа, яғни бұрынғыша медресеге, мектепке барады. Әр ата-ана молдаға өз балаларын аманаттайды. «Молдеке, баламның сүйегі менікі, еті менікі» деп тапсырады. Бұл білім, тәрбие алу жолында қандай ауырлық, жұмыс болса да «істет, үйрет» деген сөз. «Сабақ басы» деп тиын-теңге мал ұсынады. Шындығында молданың тәртібі қатаң-дүре соғуға да, басқа да жаза қолдануға ерікті болған. Ондайда жазаланған баласы үшін молдаға ешқандай өкпе, реніш болмаған. Керісінше, әр ата-ана молданың (ұстаздың) талабын баласына сөзсіз орындауда, оған бағынуды талап еткен. Өткен ғасырларда билігі бар кісілер өз ауылдарына бір-бір молда немесе сауатты адамдар ұстап балаларын оқытқан. Ондай оқуларды «тіл сындыру» деп те атаған. Әрине, олар кезінде араб әрпімен және дінтану сабағымен бірге есеп, тіл тану, география және басқа пәндерді де оқытып, сауатын ашқан. Ауқатты адамдар жеке метеп те ашқан. Сондай мектеп ашқаны үшін Науан хазірет (Наурызбай Таласов), Бейіс молда, Шәймерден Қосшығұлов (бұл кісі 1906 жылы Ресей мемлекеттік Думасына депутат болған) тағы басқа адамдарды патша өкіметі қуғынға ұшыратқан. Ондағы мақсаттары, әрине, бағынышты халықтарды қараңғылықта, түнекте, білімсіздікте ұстау болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі