Жануарлар қалай көреді?

Жануарлар әлемді қалай көретіні сізді қызықтырған ба? Ғаламшарымыз көз көріп, құлақ естімеген құпияларға тұнып тұр. Әсіресе, санасыз деп өзімізден төмен қоятын жан-жануарлардың ешбірі де толық зерттеліп бітпеген. Ал мәлім болған ерекшеліктерді біле бермейміз. Осы олқылығымыздың орнын толтыру үшін "Жануарлар қалай көреді?" деген тақырыпта төмендегі суреттер мен қысқаша мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз. 

 

Мысықтар мен иттер

© depositphotos

Ит пен мысықтардың көру қабілеттері нашарлау, олар көптеген түстерді ажырата алмайды сондықтан әлемді қанық түсте көрмейді. Соған қарамастан, түнде көру қасиеті адамдардан артық. Бір қызығы, олар үздіксіз қозғалыс, әрекеттерге сезімтал келеді, тереңдікті қабылдауы жақсы дамыған.

 

Балықтар

© Anita Hart

Аквариумдағы балықтар ультракүлгінді көреді, ал айналасындағының барлығы үлкейтілген түрде көрінеді.

 

Құстар

© depositphotos

Қанаттылардың көрулері өте жақсы. Түнгі құстар жарық жоқ уақытта жақсы көреді, ал күндізгі құстар адамның көзіне көрінбейтін түстерді және ультракүлгін сәулелерін көреді.

 

Жыландар

© depositphotos

Жыландар күндіз кәдімгі көздерін пайдаланса, түнде басқа "көзге" ауысады. Жорғалаушылар айналасындағы жылықанды объекттердің инфрақызыл жылы дабылдарын ұстап алуға бейім. Күндіз жыландардың көру қабілеті қимыл-қозғалысқа тәуелді. Олар қимылсыз тұрған нәрсені байқамайды.

 

Тышқандар мен егеуқұйрықтар

© Walt Jabsco

Тышқандардың көздері бір-бірінен бөлек қозғалғандықтан олар екі көрініс көреді. Қоршаған орта олар үшін тұнық емес, баяу, көк-жасыл түсте.

 

Сиырлар

© depositphotos

Жайылым сиырға жасыл емес, қызғылт сары және қызыл түсте көрінеді, сонымен қатар сиырларға  айнала үлкейтіліп көрінеді.

 

Жылқылар

© depositphotos

Аттардың көздері қырын орналасқан, бұл оларға шалғайдан көру мүмкіндігін береді. Аталған ерекшелік аттарға төніп келе жатқан қауіпті тез сезуге көмегін тигізеді. Алайда, мұның да теріс жақтары бар. Мәселен, ат тура алдындағы нәрсені көре алмайды. Сондай-ақ, аттар бір мезгілде екі бейнені көретін болса, адамдар секілді біріктіріп, қорыта алмайды. Олардың түнде көру қабілеті адамдарға қарағанда жақсы дамығанымен, түсті ажырату деңгейі өте төмен. Яғни, аттар барлық нәрсені көк, жасыл түсте, көбіне, сұр түсте көреді.

 

Аралар

© depositphotos

Аралар жарықты адамға қарағанда үш есе жылдам қабылдайды, сонымен қоса ультракүлгінді көреді.

 

Шыбындар

© depositphotos

Шыбындардың көздері күрделі. Олардың көрулері, мыңдаған шағын көздер бір суретті қалыптастырғанға ұқсайды. Шыбындар ультракүлгінді көреді және әлем оларға баяу болып көрінеді.

 

Акулалар

© depositphotos

Акула сияқты су асты жыртқыштары түстерді көрмейді, бірақ адамға қарағанда су астында олардың көзі әлдеқайды өткір.

 

Құбылғылар

© depositphotos

Құбылғылар 360 º көре алады және көздері бір-біріне тәуелсіз қозғалады.

 

Түнгі жармасқылар

© depositphotos

Түнгі жармасқылар қараңғыда адамға қарағанда 350 есе жақсы көреді.

 

Көбелектер

© depositphotos

Көбелектер— таңғажайып жәндіктер. Көз жітілігі нашар болғанымен, адаммен салыстырғанда көп түстер мен реңктерді және ультракүлгінді көреді.

 

Оқуға кеңес береміз:

Жануарлардың көру қабілеті жайлы қызықты деректер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (2)

Дулат

Ой отырык бары эффект ко бары фотошопппен

Саттар

Қызық екен))

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)