Әлеуметтік желілерде пайда болған «лайк» адам ғұмырын босқа өлтіретін құбылысқа айналды деп хабарлайды Айқын басылымы.
Тіпті «маған ұнайды» деген лайкты жинап алу үшін күндіз-түні көк қобдиша алдында отыратындар бар екен.
«Дәрігерлер мұны «өзекті мәселе» ретінде қарастырып жатыр. Жаңа зерттеулер бойынша кейбіреулер өз өмірін «лайкпен» ғана байланыстырып алған. Тіпті мақсат-мүддесі секілді көрінеді», - деп жазады Deccan Chronicle.
Сарапшылар Facebook-ті пайдаланатын 250 қолданушының деректерін талқылай отырып, азаматтардан өмірді бағалау мен мәні туралы сұраған. Көптеген еріктілер өз өзіне баға беруін Facebook-те танымал болуымен байланыстырған. Олар аз «лайк» жинауды қасіретті жағдайларыдң қатарына қосудан да тартынбайды.
Ғалымдар бұған селфиді де қосып отыр. Ол біреуге ұнаса, енді біреулерді бақытсыздыққа душар етеді. Бәрінен ерекшелігі жасөспірімдер «лайкты» өз суреттерінен көбірек көргісі келеді. Осындай жедел іс-әрекеттер жүйкені тоздыруға себепші болады екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі