Өлең, жыр, ақындар

90% адамға беймәлім ұлы өнер туындыларының 9 құпиясы

Әлемдегі көптеген өнер туындылары мен архитектура жауһарлары бізге бала кезімізден таныс. Бірақ егер олардың әрқайсын толық зерттейтін болсақ, олар жайлы көптеген беймәлім және құпия деректер ашылады.

Эйфел мұнарасының жоғарғы қабатындағы пәтер

© wikipedia   © realclear

Мұнараны құрастырушы Густав Эйфель оның жоғарғы қабатында өзіне пәтер салып алған. Ол оны қонақтарды қабылдау үшін және демалу үшін пайдаланған. Бірде ол сонда Томас Эдисонмен ұзақ әңгімелескен.

Пәтерде ас бөлмесі, жуыну бөлмесі, екі жатын бөлме, қонақ бөлмесі және әрине, терезесінен тамаша көрініс ашылады. Қазіргі уақытта онда Эйфель мен Эдисонның балауыздан істелген фигуралары орналасқан.

 

Бостандық мүсінінің аяғындағы үзілген шынжыр

© publicdomainpictures

Бостандық мүсінін Америкаға француз азаматтары төңкерістің жүз жылдығына орай сыйға тартқан. Ол еркіндікті, демократияны және құлдықтан тазаруды сипаттайды. Дәл сол себепті мүсіннің аяғында үзілген шынжыр жатыр. Ол туристерге көріне бермейді.

 

Айзелуорттық Мона Лиза

© wikimedia   © wikimedia

«Мона Лизаны» көптеген суретшілер қайта салып көргені бәріне мәлім, бірақ ғалымдар да Винчидің өзімен салынған тағы бір Джоконда бар дегенді айтады. Және де кенеп Луврда орналасқан суреттің көшірмесі емес.

Бір қызығы, екінші сурет 3D-эффект істей алатын құрылымға ие. Бәлкім, оның киімі мен табиғат көрінісін басқа суретші немесе бірнеше суретші салған болар. Ғалымдардың айтуынша бұл Джоконданың одан да ертеректе салынған суреті.

 

Рашмор тауындағы уақыт капсуласы

© youtube   © wikimedia 

Ескерткіш тұрғызу кезінде архитектор Гутзон Борглум Зал Хроник жартасының ішінде құпия бөлме салғысы келген. Ол онда болашақ ұрпаққа аманат ретінде АҚШ-тың тарихына қатысты құжаттар мен деректерді орналастырмақ болған. Ол үшін ол жартастағы Авраам Линкольнның басының артына үңгір жасаған. Бірақ уақыт өте келе Борглум қайтыс болып, жұмыс аяқталмай қалған.

1998 жылы, оның өлімінен кейін 50 жылдан соң маңызды құжаттардың көшірмесі мен президенттердің жазбалары құрылысы бітпеген бөлмеге орналастырылды және қазірде уақыт капсуласына айналды.

 

Үлкен Сфинкстің бастапқы түрі

© pius99/   © depositphotos   © cheops

Үлкен сфинкс – әлемдегі ең көне мүсін. Бастапқыда ол ашық бояумен боялған болатын, оның кейбір бөлшектері ғана біздің заманымызға жетті. Сонымен қатар сфинкстің мұрны мен салтанатты жапсырмалы сақалы болатын. Оның бөлшектерін Британ және Каир мұражайларынан көруге болады.

Бастапқыда сфинксте арыстанның басы болған деген болжам бар, ал адамның басы оған кейінірек қашалған, себебі алып дене мен басының пропорциясы келіспейтіндігі айтылады.

 

Пизан мұнарасының құрылысы

© caasco

Құлап бара жатқан танымал мұнара көптеген құпияға толы. Негізінде мұнараның бір жаққа қисайып тұрғанын бәрі біледі. Бірақ Пиза қаласының соборына арналған шіркеу мұнарасын кім тұрғызғанын ешкім білмейді. Оның бір себебі, мұнараның 200 жыл бойы салынуында. Тарихшылар құрылысшы Бонанно Пизано деп есептеп келді, алайда құрылыстың негізін салған Диотисаль болу мүмкін екені қазіргі таңда жиі айтылады. Ол мұнараның жанындағы баптистерийді жобалаған, әрі бұл мұнарамен бір стильде салынған.

 

Ұлыбританияның ең танымал көрнекі орнының атауы

© prima

«Биг Бен» атауы мұнараның өзіне емес, ішіндегі үлкен қоңырауға тиесілі. 2012 жылдың қыркүйегіне дейін қоңыраухананың ресми атауы «Вестминистерлік сарайдың сағат мұнарасы» болды. Қазірде қоңыраухана ресми түрде «Елизавета мұнарасы» деп аталады.

Биг Бен деген атаудың неден шыққаны күні бүгінге дейін белгісіз. Кейбірі қоңырауды құюмен айналысқан «Үлкен Бен» деген аты бар ірі адамның құрметіне аталған дейді. Екінші тұжырым бойынша ең ірі салмақтағы бокс чемпионы Бенджамин Каунттың құрметіне аталған.

 

«Алтын Қақпа» көпірінің түсі

© flickriver

«Алтын Қақпа» көпірі – әлемдегі ең көп суретке түсірілетін нысан. Оның құрылысы АҚШ-тың Теңіз әскери күшімен ұзақ талқыланды. Құрылысқа келісім алынған соң көпір тұманда да көрініп тұру үшін Теңіз әскери күші оны қара-сары түске бояуды ұсынды. Нәтижесінде көпірдің архитекторы Ирвинг Морроу көпірді қою сары түске бояйық деп әскерилерді көндіреді. Бұл көпірді кез келген ауа райында және әдемі көрініп тұруына ықпал етті.

 

«Айқай» суретіндегі аспан

© wikimedia

Эдвард Мунктың аңызға айналған «Айқай» картинасының бастапқы атауы «Табиғат айқайы» болған. Суретші өз күнделігінде былай жазады:

«... бір кезде аспан қан-қызыл болып кетті, мен әлсіреп кідіріп қалдым, қашаға сүйеніп, көк-қара фьорд пен қаланың қан мен алау тілдеріне қарап тұрдым...»

2003 жылы бір топ астрономдар суретшіні таңғалдырған аспанның ашық алқызыл түске боялуы 1883 жылғы Кракатау вулканының атқылауынан болған деп топшылады. Атмосфераға көп мөлшерде жанартау күлі тасталды. Соның әсерінен келесі бірнеше жыл бойы әлем бойынша қып-қызыл, алаулы күн батулар байқалды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз