Өлең, жыр, ақындар

Ақтауда ағылшын мектебінен 150 оқушы эвакуацияланды

Некрасов атындағы ағылшын мектебінен өрт шықты. 150-ге жуық оқушы эвакуацияланды, деп хабарлады lada.kz.

Қаланың өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінің хабарлауынша оқиға туралы дабыл 9.10-да түсті. Жалын мектептің екінші қабатында тұтанғаны анықталды. Тілсіз жау 9.31-де толықтай сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ екені атап өтіледі.

«Екінші қабаттағы оқу сыныбында сплит-жүйе өртенген. Қатты түтіндеп кеткендіктен барлық оқушылар қауіпсіз жерге шығарылды. Кезекші тергеуші өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемін анықтауда. Жалынды сөндіруге жеке құрамнан 12 қызметкер, төрт техника жұмылдырылды», - деп хабарлады өрт сөндіру қызметінен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар