Амстердам қаласы туралы қызықты деректер

- Амстердам — Нидерландтың ең ірі қаласы, әрі астанасы.
- Қала аты Амстел өзенінің бойында орналасқанына бөгенге қатысты аталған. Қала негізі 12 ғасырда кішкене балық аулаушылар елді-мекені ретінде пайда болып, бүгінгі таңда 172 ұлттарды қамтитын Нидерландтың ірі қаласы.
- Нидерланд Алтын дәуірі кезінде Әлемнің ірі сауда кемежайы, қаржы және гауһар орталығы болған.
- Халық саны  821 мыңнан астам адам
- Көлемі: 219,4 шаршы шақырым
- Ресми тілі: нидерланд тілі, фризск тілі
- Валютасы: еуро

Немо мұражайы

Немо мұражайы – Нидерландыдағы балаларға арналған үлкен ғылыми-техникалық орталық. Ол Орталық вокзал маңында, Теңізде жүзу мұражайының қасында орын тепкен. Мұражай алып теңіз толқыны түсті кеме түрінде итальян сәулетшісі Ренцо Пьяноның жобасы бойынша салынған. Ол алыстанда көзге түседі.

Интерактивті мұражай өз қонақтарына ғылым мен техниканың қазіргі әлемін зерттеуді ұсынады. Әрі онда барлық экспонаттарды қолмен ұстауға болады, сонымен қатар тәжірибе жүргізуге, дамба салуға, адам миының жұмысын зерттеуге, ДНК-ның не екенін білуге және жасөспірім кезінде адам ағзасымен не болатындығын білуге болады. Қызықтыратын ойын түрінде балалар химия, физика, биология және ақпараттық технологиялар негізімен танысады. 

Кёкенхоф қызғалдақтар саябағы

Кёкенхоф — Нидерландыдағы ұлттық патшалық гүлдер саябағы, сонымен бірге ол Еуропа саябағы деп те аталады. Саябақ орасан зор қызғалдақ плантацияларымен, әрі жыл сайын өтетін тақырыптық гүлдер көрмесімен танымал. 2014 жылы қызғалдақтар гүлдеу маусымында саябаққа шамамен бір миллион адам келді.

Саябақ ауданы 32 га жерді алып жатыр. Кёкенхофта отырғызылған қызғалдақтар саны адамды қайран қалдырады — жүз сұрыпты 4,5 миллион өсімдік. Саябақ аумағында үш оранжерея орналасқан: біреуінде (Oranje Nassau) нәркес, қызғалдақ, бөртегүл өсіріледі, екіншісінде (Beatrix) — орхидеялар, ал үшіншісінде (Willem Alexander) — раушандар өсіріледі.

Саябақты атақты голланд ландшафт сәулетшілері Зохерлар 1840 жылы жасады. Саябақта көптеген аллеялар, көгалдар, каналдар, тоғандар, гүлзарлар гүлдерден жасалған кілемдер бар. Кафе мен мейрамханалар, сонымен бірге сувенир және гүл дүкендері бар. Ол жерден қызғалдақтың баданасын және басқа өсімдіктердің көшеттерін сатып алуға болады. Бұдан бөлек, саябақта нағыз шынайы диірмен орналасқан. Бұнда саяхатшыларды дәстүрлі голландиялық ұн тарту процесімен таныстырады.

Амстел каналдары

Амстердамда Амстел өзенінің қанша каналы бар екенін нақты ешкім айта алмайды. Амстердам кварталдарын жарты шеңбер ғып белбеулейтін Амстелдің бес басты каналы өзара орларлармен байланысты, нәтижесінде қалада атақта су лабиринті қалыптасты.
Амстердамдағы Амстел қаналдары тәуліктің кез-келген уақытында тандандырады. Кешкі және таңертеңгі уақытта күн сәулелері оларды күлгін түске бояйды. Ал күндіз олар жағалаудағы отырылғызған ағаштар суға шағылысатындықтан жасыл болып көрінеді.
Бұл каналдар Амстердамның әшекейлерінің бірі ғана емес, сонымен бірге көшпенді өмірді ұнататын адамдардың тұратын мекені. Каналдарда көптеген барктер орналасқан, және олардың қожайындары өздерін осындай жүзбелі пәтерлерде жақсы сезінеді.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)