Өлең, жыр, ақындар

Мектеп те, ата-ана да, педагог та сақ болуы керек - Исекешев оқушы өлімі туралы

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қаладағы №59 мектеп-лицей оқушысының өліміне қатысты түсініктеме берді.

«Қазір сараптамалар жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысын күтеміз. Мұндай жағдайларда алдын ала болжам деген болмайды. Қазір қатарынан бірнеше сараптама жүріп жатыр. Онымен қатар, Ішкі істер департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Әрине, қала әкімі ретінде мені бұндай жағдай алаңдатады. Бұл жерде мектеп те, ата-ана да, педагог та сақ болуы керек»,-деді Ә.Исекешев.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қараша күні Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде 8-сынып оқушысы мектепте жүріп, қайтыс болған еді. Ұстаздар бала жүрегі қысылып құлап қалды десе, марқұмның туған туыстары мектепте төбелес болғанын айтып, әлеуметтік желіге баланың суретін жариялап жүр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар